Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сенбі, 04 қазан, 00:01

Жаңа кассациялық сот жұмысын бастады

19.09.2025

18

0

Мемлекет басшысы 2025 жылы шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша дербес кассациялық соттар құруды көздейтін «Кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Жаңа кассациялық сот өз жұмысын бастады.

Кассациялық сот сот жүйесін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Оның негізгі міндеті сот шешімдерін қабылдау кезінде заң­дардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Кассациялық сатыдағы сот бірыңғай заң тәжірибесі мен сот практикасын қалыптастыруда маңызы зор. Кассация біркелкі нормаларды белгілеуге, заңнаманы түсіндіруге және үйлестіруге, сондай-ақ кейінгі істер мен сот шешімдеріне үлгі болатын жаңа прецеденттерді жасауға әсер етеді.
Кассациялық тәртіпте заңды күшіне енген сот актілерін қарау, алдын ала қарауды өткізбеу, істі мәні бойынша ақылға қонымды 6 айға жуық мерзімде қарау, кассациялық тәртіпте 6 құрамды сот болып қарау көзделген. Кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.
Кассациялық сот – сот шешімдерін қадағалайтын жә­не түзететін сот жүйесінің бір түрі. Істерді кассациялық са­тыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүм­кін болады. Кассациялық сатыдағы сот шешімдердегі нормалардың сақталуын тексеруге баса назар аударады. Бұл заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарады және құ­қықтық жүйенің дамуына ықпал етеді. Оның шешімдері қо­ғамдағы дауларды шешуде өте маңызды. Мұндай сот жал­пы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инс­танция ретінде әрекет етеді.

Б.ИСАҒАБЫЛОВ,
аудандық соттың бас маманы,
Судьялар одағының мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: