Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жариялады. Аталған Жолдауды насихаттау мақсатында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Дарын» БПҰ партия мүшелерімен кездесу болып өтті.
Аталған кездесуге Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлзат Құрманбаева, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, партия белсендісі Айкүміс Орынбаева және аудандық партия филиалы жанындағы Саяси кеңес мүшесі Сымбат Жанибай қатысты. «Дарын» бастауыш партия ұйымының БЮРО мүшесі Сәрсенбай Алтынбек жүргізіп отырды.
Жыл сайынғы дәстүрлі Мемлекет басшысының Жолдауын халық асығыстықпен күтеді. Биылғы Жолдау ел экономикасын сонымен қатар, халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған. Тәуелсіз елдің берік діңгегі мен біртұтастығын сақтауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жан-жақты шешіп, нақты міндеттерді орындауда маңызды құрал болмақ – деді Айкүміс Орынбаева.
Ұстаздардың айлығы 2020 жылдан бері жыл сайын 25 пайызға артып келе жатқаны белгілі. Осы жақсылықтың игілігін қаншама әріптестеріміз көрді. Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге тарта білім ордасы салынатындығын айтты. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру біздің ауданда да басталды. Оның аясында 740 мың орынға арналған 369 мектеп салынатын болса, бұл бойынша Жалағаш кенті орталығынан 300 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 1,3 га жер телімі белгіленді. Мемлекет басшысының білім саласына демеуі деп білемін. Сондықтан барша білім саласының қызметкерлерін Жолдауда айтылған әрбір бастамаларды қолдауға және бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын – деді Гүлзат Құрманбаева.
Мемлекеттің дамуына бағытталған өзгерістердің барлығынан халық хабардан болу керек. Яғни әр азамат елдің жоспарын, бағыт-бағдарын, нәтижесін білуі шарт. Мемлекетіміздің дамуы үшін жастардың белсенділігі маңызды. Президент ұсынған әр саладағы нақты жоспарлар жастардың жарқын болашағына жол ашады – Сымбат Жанибай.
Кездесуге қатысушылар Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, маңызды құжатта нақтыланған бағыт-бағдарды насихаттауға бір кісідей атсалысатындарын жеткізді.
#AMANAT
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!