Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сенбі, 23 қараша, 18:09

Жарқын жобалар жалғасын табады

23.11.2024

45

0

Шалғайдағы Жаңадария ауылында бүгінде шаруа шираған. Ауылдағы ағайынның негізгі тіршілік көзі егін және мал шаруашылығымен тікелей байланысты. Қазір елдің өрісі кеңейіп, жұмысы жанданған. Көрші ауылдардай күріш алқабы болмаса да, мұндағы еңбекқор халық бақша өнімдерін баптауда көпке үлгі болып келеді. Биылдың өзінде ауылдағы шаруа адамдары 180 гектарға бақша өнімдерін екті.

Шалғай ауылдың шаруасы ширақ

Сейсенбі күнгі аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың халықпен кез­десуі Жаңа­дария ауылынан бас­талды. Алды­мен ауданда атқа­рылған жұ­мыстарды, алдағы мақ­сат-мін­дет­терді тілге тиек еткен Ардақ Әбді­ғаппарұлы ауылдағы ағайын­ның талап-тілегіне құлақ түрді.
Иә, Жаңадарияға бұған дейінгі сапа­рымызда жергілікті жұрт ауыл­ға кіреберіс жолдың жайын ай­тып, сапасына мән беруді өтінген. Бұ­ған жергілікті билік жүрдім-бар­дым қарамады. Керісінше, ел­дің мәселесін уақытында ескеріп, Ала­­месек пен Жаңадарияны жалғайтын жолға асфальт төсеп берді. Кешегі кездесуде ауылдағы ағайын ішкі кө­ше­лердің сапасының сын көтер­мейтінін назарға салып, шешімін та­буына жұмыс жасалса деген талап-тілегін жеткізді. Ауылдағы ішкі көшелердің бүгінгі жайы Ардақ Ибраимов­тың назарында екен.
– Жаңадария жұрты – еңбекқор­лы­ғымен көпке үлгі. Осыған дейін елдің бақша салуына аяқсу тапшы­лығының ке­дергі келтіріп отырғанын осындағы шаруа адамдары наза­рыма салған. Был­тыр бұл мәселе шешімін тапты, ауыл еңбеккерлері нәтижелі еңбек етіп, бақша өнімдерін баптап, алды өнімін нарыққа шы­ғарды. Рас, ауылда тұра­лаған мә­селелер де жоқ емес, оның бірі – сіздер көтеріп отырған ішкі көшелер мәселесі. Бұл менің де назарымда бар, алдағы уақытта кезең-ке­зеңі­мен мәселелеріңізді шешуге жұмыс жасай­мыз. Бұған қатысты арнайы жобалар да жоқ емес. Маған бар­лық ауылдың халқы бірдей, бар­лығыңыздың мәселелеріңізді бір уа­қытта шешкім-ақ келеді. Бірақ ол мүмкін емес. Сондықтан бірінші ке­зекте ел ішінде тұралаған түйткілді мә­селелерге кезек береміз. Қалғаны кезең-кезеңімен шешімін табатын болады. Ауылдағы ағайынның мә­селесі ескерусіз қалмайды, – деді Ардақ Әбдіғаппарұлы.
Шалғайдағы елді мекенде кә­сіпкерлік саласына ден қойғандар жоқ емес. Содан болар, ауыл әкімі Рауан Ақпанбетов ауылда жұмыс­сыздық деңгейі төмен екен айтады. Мәселен, осыған дейін Жаңадарияда 23 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, бүгінде оның 22-сі нақты жұмыс жасап тұр. Ал биыл 1 адам өз жо­басын жүзеге асыру үшін қайта­рымсыз қара­жатқа ие боған.
Биыл ауылдық округтегі №203 орта мектепке жалпы құны 2,3 млн теңгеге жәй жөндеу жұмыстары мен құны 1,2 млн теңгеге қоқыс полигонының құ­рылысы жүргізілген. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында елді мекенді көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүр­гізіліп, ауылға кіреберіс көшелерге бей­не­бақылау камералары орнатылған. Ке­лер жылы 4 көшеге, яғни Қ.Сәт­баев, Жаңадария, Достық, Мек­теп көшелерін күрделі жөндеуге 377,7 млн теңге об­лыстық бюджет есебінен қаржы бөлуге ұсынылды.

Ауыл дамуы тұрақты

Аламесек ауылдық округінде соңғы 2 жылда ауқымды жобалар жүзеге асты. Әсіресе жергілікті билік елді мекендегі тұралаған өзекті мәселелерді шешуде нәтижелі жұмыс атқарды. Кешегі кез­десуде де ауылдағы ағайын аудан әкіміне алғысын білдірді.
Есет батырлықтар да көбіне ауыл­дағы ішкі көшелер сапасының сын кө­термейтінін жиі айтатын. Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде елді мекендегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту бойынша нақты жобалар жүзеге асты. Оның ішінде елдің талап-тілегіне арқау бол­ған ішкі көшелер сапасын жақсарту жұмыстары да бар. Мәселен, ауылдағы 5 көше, яғни Т.Бисенбаев, Жаңажарма, Өмірбай шешен, Сарман батыр, Бө­лебай би көшелері күрделі жөндеуден өтті. Жобаның жалпы құны 517 млн 955 мың теңгені құрайды.
Елді мекендегі шаруашылықтар есе­бінен 2 млн 500 мың теңгеге көше­лерге жарық шамдар орнатылған. Тұр­ғын үй электр секторларын жаңғырту жұмыстары бойынша да жоба аяқ­­тал­ған. Қазіргі таңда ауылдағы ескі ем­хана ғимаратына бейімдеу жұмыс­тары жүргізілуде. Онда жастар спорт ор­та­лығын ашу жоспарлануда.
Ауылдық өрт сөндіру бекетіне өрт сөндіру көлігі беріліп, 2 адам жұмыспен қамтылған. Келер жылы ауызсу жүйесін жаңарту бойынша нақты жоба жүзеге асады деп күтілуде. Халықтың да әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Мәселен, елді мекенде атаулы әлеуметтік көмек алушылар 2 есеге азайған. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 6 адам қайтарымсыз грант алып, олардың жобалары 8 млн 860 мың 800 теңге қар­жылай қолдау тапты. Бүгінде мем­лекеттік бағдарламаның арқасында ауылда кондитерлік цех ашылып, құс шаруашылығы шираған.
Келелі кездесуде ауыл ақсақалы Бұғыбай Сыздықов елді мекенде жүзеге асып жатқан жарқын жобалар мемлекет қолдауының жемісі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол ауданда атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарға жоғары баға берді.
– Бұған дейін де ауылда болдыңыз, сол кезде бірқатар ел ішіндегі мәсе­лелерді назарыңызға салдық. Бүгін елдің мәселесіне өлең айтып қарама­ғаныңызға көзіміз жетіп отыр. Ауылда қаншама жоба жүзеге асты. Әсі­ресе сіздің назарыңызға салған мәсе­лелер­дің шешімін тапқанына қуанамыз. Емха­намыз қандай жағдайда еді, бүгінде сол сапасы сын көтермейтін ғимарат мәселесі шешіліп, ауылда жаңа заман талабына сай ауылдық емхана бой көтерді. Онда жергілікті халыққа сапалы мидициналық қызмет көрсетілуде. Жол мәселесі өз алдына бөлек әңгіме. Бір жылда 5 көшеге асфальт төсеу ауыл тарихында болған емес. Міне, сіз соны жүзеге асырдыңыз. Басқа да ауылдарда қандай жобалар жүзеге асып жатқанын естіп-біліп отырмыз. Осыдан-ақ сіздің «мен үшін барлық ауылдың халқы бір­дей» деген сөзіңізге шүбәсіз сенуге болады. Алдағы уақытта да ауданның екінші тынысын ашуда нәтижелі жо­ба­ларды қолға алған екенсіздер, бар­лығына сәттілік тілеймін. Ауданда, оның ішінде Аламесекте халықтың талап-тідегін ескергеніңіз үшін сізге алғыс білдіремін, – деді абыз ақсақал.

Ауқымды жобалар
жүзеге асқан

Мемлекет басшысының «ҚР ауыл­дық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес аймақ басшысының қолдауымен II рет өткізілген облыстық «Үлгілі елді мекен» конкурсында «Үлгілі ауыл» но­ми­нациясы бойынша Еңбек ауылдық округі І орын иеленген болатын. Үлгілі елді мекенде халықпен кездесуде аудан әкімі Ардақ Ибраимов биыл ІІ жар­ты­жылдықта атқарылған жұмыс­тарды тар­қатып, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.
Биыл 4,3 млн теңгеге ауылдық округті абаттандыру, көркейту-көгалдандыру мен жасыл желекті қоршау және 5 млн тең­геге мәдениет үйіне жәй жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 3,1 млн теңгеге бейнебақылау камералары орнатылған.
«Еңбек Жер» ЖШС-ның демеу­ші­лігімен жалпы құны 68 млн теңгеге бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, жоба құны 26 млн теңгеге «Рәміздер» аллеясы, 6 млн теңгеге балалар ойын алаңы, 7 млн теңеге ауылға кіреберіс көшені жарықтандыру, 26 млн теңгеге Желтоқсан көшесіне тас төсеу жұмыстары, 3 млн теңгеге елде мекеннің электр желілері құрылысына жоба-сметалық құжаттары жасалды.
Елді мекендегі Дәуітбаев, Абай, М.Байділдаев көшелерін орташа жөн­деу жұмыстарына 63,8 млн теңге қаржы қаралды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз «Орда Автодор» ЖШС болып анықталды. 2025 жылға аудандық бюджет есебінен қаржы бөлу жоспарлануда. Сонымен қатар елді мекеннің электр желілерінің құрылысына жобалар әзірленді. Алдағы уақытта қаржыландыруға ұсынылады.
Келер жылы өңірлерді дамыту бағ­дарламасы бойынша 2,2 млн теңгеге балалар спорт алаңы мен «Еңбек Жер» ЖШС-ның демеушілігімен жалпы құны 50 млн теңгені құрайтын демалыс паркін салу жоспарлануда. Ауылдағы ағайын ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

10 көше күрделі
жөндеуден өткен

Аққұмға бұған дейінгі сапарымызда ауылдағы ағайынның талап-тілегіне жол сапасы арқау болған. Ішкі көшелер сапасының сын көтермейтінін біз де жақсы білеміз, жергілікті билік бұған қатысты арнайы жобалар дайын­дал­ғанын айтумен шектелетін. Кешегі са­па­рымызда ел көткерген бірқатар мә­селеге нүкте қойылғанын аңғардық. Ауылда соңғы уақытта жергілікті жұрттың талап-тілегіне ерек­ше мән берілген. Әлбетте, басқа да са­лалар бойынша жұмыстар жоқ емес, бірақ бізді ой-шұқыры көп орталық көшелердің сапасына мән берілгені қуантты.
Негізінен елді мекен жұрты егін егу, мал өсіру, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және оны өңдеумен айналысады. Әлеуметтік жағдайына келсек, 1800-ге жуық адам мекен ет­кен ауылда жұмыссыздық денгейі 3 пайызды құрайды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба бойынша 5 ауыл тұрғыны жастар практикасына, 2 ауыл тұрғыны «Күміс жас» жобасына, 3 ауыл тұрғыны «Әлеуметтік жұмыс» орындарына орна­ластырылып, 12 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс тапқан.
Мемлекет басшысының бұған дейінгі 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі арнайы тапсырмасы бар. Ауыл әкімі Атынбек Асанбеков осы бағытта нақты жұмыстар жүзеге асып жатқанын айтады. Мәселен, осыған дейін Аққұмда 10 жаңа жұмыс орны ашылған. Биыл жұмыссыз ретінде 46 тұрғын тіркелсе, оның 12-сі тұрақты жұ­мысқа орналасқан, 34 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Ауылда жүзге жуық шағын және орта кәсіпкерлік нысаны бар. Бүгінде оның 95-і нақты жұмыс жасап тұр. Жергілікті жұрт кәсіп ашуда мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып отыр. Мәселен, Ауылдық округ бойынша «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін 7 ауыл тұрғыны оқып, барлығы қай­тарымсыз грантпен кәсіп ашқан. Ал «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 1 адам суармалы жерлердегі өсімдіктерді бүрку үшін квадрокоптер алуға қар­жылай қолдауға ие болған. Жоба құны – 11,4 млн теңге. Сонымен қатар 2 ауыл тұрғыны арнайы техника, 1 ауылы тұрғыны асыл тұқымды мал алу үшін құжат дайындауда.
Иә, Аққұмдағы ағайынның ауыл ша­руашылығы саласында табысты еңбек етіп отқанын аңғару қиын емес. Әсіресе олар күнделікті тұрмыс-тіршілігін мал шаруашылығымен байланыстырады. Қа­зірдің өзінде жеке отбасыларда 1668 мүйізді ірі қара, 1853 жылқы, 825 қой, 728 ешкі, 74 түйе, 1006 үй құстары есепке бар. Ал мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарда 609 мүйізді ірі қара, 670 жылқы, 125 қой, 94 түйе есепке алынған. Ауылда биыл 2112 гектар күріш, 745 гектар жаңа жоңышқа,75 гектар мақсары егі­ліп, 706 гектар ескі жоңышқа күтімге алынған. Кешегі күзгі науқанның қоры­тындысымен ауыл еңбеккерлері егін шаруашылығын толайым табыспен қо­рытындылады. Жалпы ауылда 5212 гектар жайылымдық, 246 гектар шабын­дық және 4550 гектар егістік жер бар.
Елді мекендегі 420 орындық №38 орта мектеп 1974 жылы пайдалануға берілген. 2012 жылы білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда онда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.
Бүгінде ауылдағы алтын ұяда 400 оқушы білім алады. Ондағы 58 мұғалімнің 96,5 пайызы – жоғары білімді маман. Биыл білім ошағын 25 оқушы бітірген. Оның ҰБТ-ға 22-сі қатысып, бүгінде 19 түлек мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарында білім алуда. Биыл бұл нысан жылу маусымында 9 тонна дизель отынымен тамтылған. Әлі 65 тонна дизель келеді деп күтілуде.
Ауылдық округте №7 «Шұғыла» балабақшасы жұмыс жасайды. 1975 жылы пайдалануға берілген нысан 120 балаға арналған. Қазіргі таңда 105 бала қамтылған. Онда 40-қа жуық адам жұмыспен қамтылған. Балабақша ғи­маратына да 2016 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Екі жыл бұрын ағымдағы жөндеу жұ­мыс­тары жүргізілді. Балабақша жылу мау­сы­мында 5,7 тонна дизельмен қам­тылған. Енді 42 тонна дизель келеді.
Ауыл тұрғындарына 10 төсектік күндізгі стационарлық дәрігерлік емхана қызмет көрсетеді. Медициналық нысан 1975 жылы пайдалануға берілген. Биыл жаңа жедел жәрдем көлігімен қам­тамасыз етілді. Емханаға 3 жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда бұл нысан да жылу маусымына сақадай сай. Осыған дейін 75 тонна қатты отын жеткізілсе, алдағы уақытта тағы да 55 тонна көмір келеді деп күтілуде.
Аққұмда 150 орындық ауылдық клуб ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. мәдениет үйі 2012 жылы пайдалануға берілген. Онда 15 адам жұмыс жасайды. Мәдениет ошағына 2022 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл нысан да жылы жылу маусымына дайын екен. Бүгінге дейін 20 тонна қатты отын жеткізілсе, қалғаны алдағы уақытта келеді деп күтілуде.
Елді мекенде 1 спорт орталығы тұр­ғындарға қызмет көрсетеді. 2017 жыл салынған ғимарат 3 жыл бұрын қайта жабдықталып, ауыл спортының алға басыуына қолғабыс етуде. Қа­зіргі таңда онда ауыр атлетика, тоғызқұмалық, күрес үйірмелері жұмыс жасайды.
Ауылда Ауызсу жүйесі мен электр желілеріне 2021-2022 жылдары қайта жаңғырту жұмыстары жүгізілген. Жер­гілікті жұрт тәулік бойы сапалы ауыз­суға қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ бар­лық тұрғын үй су өлшегіш құралын қондырған. Ал елді мекенді осыған дейін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 1 сутартқыш насос іске қосылған.
Иә, Аққұмда соңғы жылдары жол құрылысы қарқын алып, елдің та­лап-тілегі орындалды. Ауылдың ішкі көшелерінің жалпы ұзындығы 14 ша­қырымды құрайды. Биыл ауылдық округте 10 көшеге күрделі жөндеу жұ­мыс­тарын жүргілді. Жобаның жалпы құны – 457,1 млн теңге.
Елді мекенде демеушілер есебінен де ауылды абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқын алған. Биыл «Жасталап» шаруа қожалығының төрағасы Кенжехан Жадиловтың де­меушілігімен Бейбітшілік көшесінің бо­йындағы 750 метр жер қоршалып, гүл және жеміс ағаштарын егу жұмыстары жүргізді. Кәсіпкер бұл мақсатқа 2,8 млн теңгң бөлген. Сонымен қатар мектептің 20 жылдық түлектері «Тайман қари» мешітіне 2 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген.
Мұнан бөлек Меңліқара Нұрқожаев көшесі мен орталық алаңға «Бірлік-А» шаруа қожалығы 1,3 млн теңгеге жа­рықтандыру жұмыстарын жүргізді. 1968 жылғы ауыл азаматтары Кеңес әс­керінің Ауған жерінен шыққанына 35 жыл толуына орай Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын адал өтеп келген ардагерлерге арнап аллея ашты.
Ауылды аббаттандыру мақсатында мемелкеттік бағдарламалармен де ілкімді жобалар жүзеге асқан. Мәселен, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2,2 млн теңгеге Қалыбай Бекенов көшесіне түнгі жарық шамдары ауыстырылды. Сондай-ақ Бейбітшілік және Б.Ақдаулетов көшелеріндегі бейне­бақылау камералары жөнделіп, ауылішілік көшелердің жол белгілері жаңартылған. Жалпы ауылда айтар­лықтай өзгеріс бар, мұның бәрі нәтижелі жұмыстың жемісі деп түйдік. Бірақ бұған тоқмейілсуге тағы болмайды.
Ауылда атқарылып жатқан жұ­мыстармен жергілікті жұрт етене таныс. Сондықтан кешегі кез­десуде аққұм­дықтар аудан әкіміне ал­ғыс білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Жергілікті халық бірқатар мәселені Ардақ Әбдіғаппарұлының назарына салды. Аудан әкімі оның барлығы ескерусіз қалмайтынын жеткізіп, кезең-кезеңімен шешуге уәде берді.
– Осыған дейін үш ауылда болдық, бүгінгі есепті кездесуімізді Аққұмда қорытындылап отырмыз. Жаңа бірқатар мәселе көтердіңіздер, сіздердің талап-тілектеріңіз жерде қалмайды. Мейлінше оның шешімін табуға тырысамыз. Бірақ «барлығын бір уақытта шешіп беремін» деп өтірік уәде бере алмаймын. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешіміне жұмыс жасаймыз, – деді аудан әкімі.

Қаракеткенде құрылыс
қарқын алады

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың сәрсенбідегі сапары Қаракеткен, М.Шә­ме­нов ауылдары және аудан орталы­ғында жалғасты.
Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, аяқ су, табиғи газ кіргізу, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және қоқыс полигонын пайдалану се­кілді мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Ардақ Ибраимов жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, кезең-кезеңімен жоспар бойын­ша ше­шімін табатынын нақты айтты.
Аудан басшысының айтуынша, ке­лер жылы Қаракеткен ауылында бір­қатар жарқын жобалар жүзеге асады. Атап айтқанда, 150 орындық клуб құрылысы үшін былтыр 7,5 млн теңгеге ЖСҚ жасалған. Келер жылы құрылысы басталады.
Қазіргі таңда Қаракеткен ауылдық округінде жобалық құны 362,4 млн тең­гені құрайтын жаңа дәрігерлік амбу­латорияның құрылысы жүргізілуде. Со­нымен қатар Қ.Кәрібаев көшесінің 300 метр бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалуда.
Бүгінде өңірлерді дамыту бағдар­ламасы аясында жалпы құны 2,2 млн теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асты. Ауылдың ішкі көшелерінде ор­на­ласқан түнгі жарықшамдары за­ма­науи светодиодты шамдармен ауыс­тырылып, ауылға 4 дана бейнебақылау камералары орнатылды.
Биыл демеушілік есебінен ауыл жастары Далдабай елді мекеніне кіре-беріс автомобиль жолының бойына арка орнатты. Мұнан бөлек жеке кәсіпкер Бердібек Қиланов ауылдан балалар ойын алаңын салуда. Жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар Қаракеткен, Далда­бай елді мекендерінің 11 көшесін (Есір­кепов, Иіркөл, Өмірзақов, К.Маркс, Дружба, Д.Жалтынов-1, Д.Жалтынов-2, Д.Жалтынов-3, Кәрібаев, Тәуелсіздік, Есіркепов-1) күрделі жөндеу жұмыс­тарын жүргізу үшін былтыр 3,6 млн теңгеге ЖСҚ жасалған. Ауылға кіре­беріс 2,6 шақырым автомобиль жо­лын жа­рықтандыру жұмыстары да бас­талады.
Тағы бір жағымды жаңалық, ал­дағы уақытта көрші орналасқан М.Шә­менов ауылының халқы секілді қаракет­кендіктер де көгілдір отынның игілігін көр­мек. Ол үшін жергілікті билік жоба құжаттарын дайындап қойған.

Ауылға табиғи газ келді

М.Шәменов ауылына келсек, елді мекен халқы тіпті шағын қалада бар игіліктерді пайдаланып отыр. Көгіл­дір отыннан бөлек, ауыл жолдары жөн­деуден өткен, жаңа мектеп, заманауи ауылдық клуб барлығының халық игілігін көруде.
Биыл М.Шәменов елді мекеніне газдандыру жұмыстарына жоба құны 684,2 млн теңгеге газ жүргізу жұ­мыс­тары және 305,1 млн теңгеге аудан­дық маңызы бар ауылға кіреберіс авто­мобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ өңірлерді дамыту бағ­дар­ламасы бойынша кіреберіс және Бұқарбай батыр көшесіне 888 мың теңгеге бейнебақылау камералары ор­­­на­тылды. Мұнан бөлек Қ.Алмасов көше­сіндегі жасыл екпелерге арналған қоршау орнату жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар демеуші арқылы «Мега Агро» ЖШС қаражаты есебінен 2 млн тең­геге ауылдың электр баға­наларын ауыстыруға жоба-сметалық құжаттары рәсімделуде.
Сонымен қатар Ә.Тә­­шімбетов, Жамбыл, Б.Ердүзелова көшелерінің құрылысы жо­ба­сының құжаттары об­лыстық жо­лау­шылар көлігі және авто­мобиль жол­­­дары басқармасына ұсы­нылып, бюд­­­жеттік өтінім жолданған.

Кентте келелі іс көп

Аудан басшысы Ардақ Ибраимов кент бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, келер жылға жоспарланған ауқымды жобалармен таныстырды. Тұр­ғындар тарапынан атқарылған жұмыс­тарға пікірлер мен тиісті ұсыныстар айтылды.
Қазіргі таңда аудан орталығында барлығы 71 көшенің 41-не көше жарығы жүргізілген. Ал көше жарығы орнатылмаған көшелерге жарық­тан­дыру жұ­мыс­тарын жүргізу үшін жоба-сме­талық құжаттамалар әзірлеу және жоба­ларды қаржыландыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Былтыр бюд­жеттен электр қуатын үнемдейтін све­тодиодты шамдар 2,4 млн теңгеге сатып алынған. Қазіргі таңда Б.Сопбеков, А.Бисенов, ДЭУ көшелеріне және З.Са­лықбаев тұйығына түнгі жарық­тандыру жұмыстары жүргізілді.
М.Шаменов, Т.Жүр­генов, Қ.Нүр­пейісов, И.Панфилов, Т.Қыс­­­таубаев, А.Ізтілеуова, Төле би, І.Нүр­­­­кенов, Н.Әп­резов көшелерінің жа­­рығы демеу­шілер есебінен қайта жаңғыртылады.
Сондай-ақ Б.Сопбеков, Жеңістің 50 жылдығы және М.Тәйтіков көшелерінің бойында орналасқан спорт алаңдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 10,5 млн теңге қаржы бөлініп, спорт алаңдарға қажетті заттары алынған. Қазіргі уақытта аталған спорт алаңдардағы кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың 30 қарашасына дейін толық жөндеу жұмыстары аяқталатын болады.
Биыл Қазыбек би көшесіндегі балалар ойын алаңына ағымдағы жөн­деу жұмыстары жүргізілді. Мұнан бө­лек демеушілер арқылы жалпы құны 315 млн 219 мың теңге болатын орталық алаңды жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, облыстық бюджетке қар­жыландыруға ұсынылған. Дәуімбай елі мекеніндегі Жеңістің 50 жылдығы көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолын салуға демеушілер есебінен құны 66 млн теңгеге ЖСҚ әзірленуде.
Аудан орталығын көркейту-көгал­дандыру және санитариялық тазалық жұмыстарына тоқталсақ, тіпті сырттан келген қонақтарымыз кент тазалығын, теп-тегіс жолын, құрылысы жүріп жат­қан нысандарды көріп тамсанады. Бұрынғыдай көшеде шашылып жатқан қоқыс та жоқ, таң атысымен тазалық жанашырлары арнайы көлікпен жинап алып кетеді. Нақтырақ тоқталсақ, биыл­дан бастап кентте көркейту-кө­галдандыру және санитарлық таза­лық жұмыстарын жүргізу үшін кент әкімі аппаратының жанынан «Жалағаш қызмет» коммуналдық мемлекеттік ме­кемесі құрылды. Қазіргі уақытта аталған мекеме арқылы аяқ су жүретін арықтар қазылып, құбырлар тазартылып, қа­жетті жерлерге жаңадан құбырлар орнатылған.
Сондай-ақ «Таза Қазақстан» рес­пуб­ликалық экологиялық акциясы ба­рысында мекеме ұжымдары, кәсіп­керлер және тұрғындар аяқ су жүретін арықтарды, құбырларды тазартып, ағаштарды ақтады. Қураған ағаш тал­дары мен бұтақтары кесілуде. Елді мекеннің ішкі тазалық жұмыстарына жаңадан құрылған «Жалағаш қыз­мет» коммуналдық мемлекеттік ме­ке­месі арқылы қоғамдық негіздегі жұмысшылар тұрақты түрде көшеде, орталық алаңда, саябақтарда тазалық жұмыстарын жүргізуде. Жинақталған қоқыстар ав­то­көліктерге тиеліп, арнайы қоқыс тө­гетін орынға тасымалдануда. Биыл 8470,5 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған. Сондай-ақ көп­қабатты тұр­ғын үйлердің ауласы қо­қыстан тазартылуда.
Жалпы кентте қазіргі уақытта 71 көшеде 1205 жол белгілері орнатылған. Жол белгілерін күтіп ұстау, тозғанын жаңалау, бағаналарын сырлау жұмыс­тары тұрақты түрде жүргізілуде. Ал жол жүрісін реттеу үшін 4 көше қиы­лысына бағдаршамдар орнатылған.Сонымен қатар биыл аймақ басшы­сының тапсырмасына сәйкес 18 жерге бейнебақылау камералары, 7 жыл­­дамдық өлшегіш құрылғылары ор­на­тылуда.
Бүгінде аудандық аурухана мен емхананың кәріз жүйесінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жалпы жоба құны 1 млрд 290 млн тең­гені құрайды. Қазіргі таңда жо­баны іске асыруға республикалық, облыстық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды. Бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, жоба іске асырылған жағ­дайда орталықтандырылған кәріз жүйесіне жақын орналасқан мекемелерді, тұр­ғын үйлерді қосуға мүм­кіндік болады. Сонымен қатар ассе­низатор кө­­лік­терімен жеке тұрғын үйлерден шы­ғарылған кәріз суларын тө­ге­тін орындар аталған жобада қарас­тырылған.
Алдағы уақытта орталық алаңға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінде қайта жаңғырту жобасының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткен. Облыстық энерг­етика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданған.
Шыны керек, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды халық көріп, игілігін пайдаланып отыр. Сондықтан жа­лағаштықтар ауданның жарқын бо­лашағына сеніммен қарайды, жергілікті биліктің жұмысына көңілі толады.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: