Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:17

Жатақханада өрт қауіпсіздігін сақтайық!

08.02.2024

94

0

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді жатақханадағы тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз. Ауданымыздағы өрттерді  болдырмау үшін әрбір адам өрт қауіпсіздігі ережелерін білу қажет осыған орай сіздерге Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Жатақханада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін ескертеді:

– Қыздырғыш пештерді тексеріп, жарамсыз болса жөндеуден өткізіп, түтін шығатын моржаларды тазартып отырған жөн;

– Пәтерлер мен тұрғын бөлмелерiнде, балкондар мен лоджияларда тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, газ баллондарын сақтамауымыз қажет;

– Жатақханаларда темекі шегуге арналған орыннан басқа орындарда темекі шегуге жол бермеңіз;

– Тұтанған темекіні қалдыруға жол берілмейді, тек арнайы урналарға тастаңыз;

– Балкондардан, лоджиялардан және терезелерден темекi тұқылын лақтыруға;

– Ашық жану көзі бар заттар мен құрылғыларды қараусыз қалдырмаған жөн!

– Ашық жану көзі бар заттар мен құрылғыларды желдің өтіне, тез тұтанатын материалдардың жанына қоюғажол бермеңіз;

– Газ плиталарды от жағатын бөлмелерден бөлек ұстап арнайы жеке бөлмелерде ұстаған жөн;

– Электр аспаптарын бір нүктеге қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс қуатына әкеп соқтырады;

Осындай қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық. Себебі өртті болдырмау ережелерін сақтағанда ғана төтенше жағдайларлардың алдын ала аламыз. Қандайда бір төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 шұғыл қызмет телофонына қоңырау шалыңыз!

Жалағаш аудандық

Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: