Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-8°C

, Сейсенбі, 10 желтоқсан, 01:10

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

12.11.2023

268

0

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, атлантикалық циклонның әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Синоптиктердің айтуынша, алдыңғы қараша айларына қарағанда, күн айтарлықтай жылы болады.

«Батыстан шығысқа ауысатын циклон өз жолында қатты жауын-шашын әкеледі: жауын-шашын түнде жаңбыр мен қар түрінде, күндіз  негізінен жаңбыр түрінде жауады. 11 қарашада солтүстік-батыста, 12 қарашада оңтүстікте, 13 қарашада оңтүстік-шығыста, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) жауады деп болжанды. 12 қарашадан бастап антициклон сілемі батысқа қарай тарай бастайды, осыған байланысты жауын-шашын тоқтап, күндіз ауа температурасы +8+18°С дейін көтеріледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Синоптиктердің айтуынша, түнде және таңертең республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: