Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жұма, 29 қараша, 15:41

Жемқорлыққа жол жоқ

15.01.2024

212

0

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдармен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Әрине сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы, салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаны және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың басты тетігі – халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын – алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Бұл үшін аталған дертке бірлесіп атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз – шағымы. Мемлекеттің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір – қасиетін құрметтеуге міндетті. Жемқорлықты жоюды мақсат еткен Төтенше жағдайлар бөлімі де Жолдауда берілген тапсырмалардың, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүлделілік танытуды міндетті санайды.

Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі Е. Назаркұлов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: