Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 01:13

ЖОЛДАУ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

23.09.2022

354

0

Жыл сайынғы дәстүрлі Жолдау – ол еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі. Республика Президентінің әрбір жолдауы халық күтетін және мемлекетімізді кезең кезеңімен дамытатын стратегиялық маңызды құжат болып саналады. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты ел Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында Жаңаталап ауылдық округінде кездесу өтті.
Аталған кездесуге ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы «Аумақты дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Байжанов Жантас және «Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымының Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі топтық ұйымының жетекшісі Меңдібаева Ұлмекен қатысты.
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам». Осылай деп жариялаған Мемлекет басышысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы жолдауы қалың қазақ жұртшылығына жол тартқаны белгілі. Бес бағыттан тұратын жолдау қарапайым халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған. Президент бұл құжатта әдеттегідей түйінді мәселелерді көтеріп, атқарылуға тиіс бірқатар маңызды міндеттерді айқындап берді. – деді Ұлмекен Меңдібаева.
Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды «Аумақты дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Байжанов Жантас әрбір тармағын саралай отырып, ел дамуына ерекше серпін беретін бағдарламалық құжаттың маңыздылығына тоқталды. Жиын барысында қатысушылар жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша өз ойларын ортаға салып, қарапайым халық үшін тиімді жақтарын ашып талқылады. Президент жолдауына қолдау көрсетіп, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына сенімдерін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: