Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Дүйсенбі, 22 қыркүйек, 05:11

Жұмыспен қамту: нақты нәтижелер мен жаңа мүмкіндіктер

20.12.2024

10

0

2024 жыл қорытындысымен  жұмыспен қамту органдарына 2991 адам жұмыс іздеуші ретінде жүгінді. Оның ішінде 2447 адам тұжырымдамаға қатысушы ретінде тіркелді. Атап айтқанда: 1500-і жұмыссыздар, 526-сы жұмыс іздеушілер, 324-і өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, 97-сі өзге санаттағы азаматтар.

         Азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылып, төмендегідей нақты нәтижелерге қол жеткізді:

  • 1181 адам тұрақты бос жұмыс орындарына орналастырылды;
  • «Бастау Бизнес» жобасы аясында 234 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді. Олардың 175-і оқуын аяқтап сертификат алды, 101-і өз кәсібін ашып, 3 азамат қайтарымсыз грант иегері атанды;
  • 257 адам (жоспар – 250) skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн-оқуды бітіріп, сертификат алды, бұл жоспардың 102,8%-ын құрады;
  • Қысқа мерзімді кәсіптік оқуда «ветеринар санитар» мамандығы бойынша 22 адам оқуын аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылды (жоспар – 25 адам);
  • Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 137 адамға мемлекеттік грант берілді (жоспар – 139 адам). Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 3, мүмкіндігі шектеулі жандар – 20, көпбалалы аналар – 103, асыраушысынан айырылғандар – 1, мүгедек бала тәрбиелеушілер – 10. Грант есебінен ашылған кәсіп түрлері: еңбек құралдары – 4, техникалық құралдар – 19, мүккәмал құралдары – 11, жануар – 97, құс және балық шаруашылығы – 5, жалдау ақысы – 1.

         Сонымен қатар 872 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды.  Оның ішінде:

  • әлеуметтік жұмыс орындарына – 39 адам (жоспар толық орындалды), 15-і тұрақты жұмыс тапты;
  • жастар практикасына – 144 адам, оның 14-і тұрақты жұмысқа орналасты (жоспар – 140);
  • ақылы қоғамдық жұмыстарға – 648 адам жіберіліп, барлығы жұмысын аяқтады. Оның ішінде 431 адам тұрақты жұмысқа тұрды (жоспар – 600);
  • «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 13 адам қатысып, 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты;
  • «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысқан 3 адамның 2-і тұрақты жұмыспен қамтылды;
  • «Күміс жас» жобасына – 25 адам жолданып, оның 12-і жұмысын аяқтап, 7-і тұрақты жұмыспен қамтылды (жоспар – 25).

          Жыл басынан бері 11 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Оған 94 жұмыс беруші қатысып, 236 бос жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде 87 адам тұрақты, 1 адам уақытша жұмысқа орналасты, ал 251 азамат кеңес алды.

          Жалпы алғанда, жыл басынан бергі жоспарлы көрсеткіштердің көпшілігі артығымен орындалды. Бұл халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың тиімділігін, азаматтардың белсенділігін және әлеуметтік қолдаудың нақты нәтижесін көрсетеді.

          Еңбек – ел дамуының тірегі, ал әрбір тұрақты жұмыс – әр отбасының бақуатты болашағы.

          Осы жолда мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасын тауып, талай жанға жаңа мүмкіндіктер ашарына сенім мол.

          «Еңбек еткен адам еңсесін тік ұстайды, табыс тапқан отбасының шаңырағы биік болады» деген дана сөз бар. Демек, еңбекпен табылған жетістік – ең асыл қазына.

«Жалағаш ауданының Мансап орталығы»

филиалының азаматтардың

әлеуметтік осал санаттарын уақытша

жұмысқа орналастыру бөлімшесінің

басшысы Мақсұтова Гүлнұр Мақсұтқызы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: