Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:09

Жыл басынан бері 10 өрт оқиғасы тіркелген

23.07.2024

65

0

Қазақта «Апат айтып келмейді, өрт – тілсіз жау» деп текке айтылмаған. Табиғи апаттың ішінде адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға орасан зиян тигізетін алапат апаттың бірі – өрт. Тілсіз жауды болдырмау немесе алдын-алу бағытында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жүйелі жұмыстар атқарған. Әйтсе де, бұл аудан көлемінде өрт болған жоқ деген сөзді білдірмейді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін уақытқа атқарушының сөзінше былтыр жыл бойы жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан жыл басынан бері ауданымызда 10 өрт оқиғасы тіркелген. Өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторында, 1 өрт оқиғасы автокөлікте, 3 өрт оқиғасы орманда болған.

Аудандық төтенше жағдайлар бө­ліміне барғанымызда бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Асанәли Арапбаев ең әуелі бізді бөлімнің ты­ныс-тіршілігімен мұндағы тілсіз жауды ауыздықтауға арналған өрт сөн­діру ав­­то­көліктері мен өрт сөндіру құ­рал­да­рымен, арнайы киімдермен таныс­тырды. Жауапты да күрделі сала маманының айтуынша аудан гарнизонында штат бойынша қырыққа жуық қызметкер бар. Оның ішінде төтенше жағдайлар бөлі­мінде 4, №11 өрт сөндіру бөлімінде 35 қыз­меткер жұмыс істейді. Сондай-ақ 3 өрт сөндіру автокөлігі бар.
Жалпы төтенше жағдайлар бөлімінің негізгі қызметі – төтенше жағдайларды болдырмау немес алдын-алу. Сала ма­­мандары аудан тұрғындарын суға шо­мылу маусымында су айдын­дарын­дағы қауіпсіздік шараларын сақтауға ша­қырып, жылу беру маусымында білім, ден­саулық және әлеуметтік нысан­дар­дың дайындық жұмыстарын үнемі бақылауында ұстай­ды. Аудан аумағында орналасқан жеке тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігінің ереже талаптарын сақтау, көмірқышқыл газынан улану фактілерінің алдын алу бағытында, аудан көлеміндегі егін жи­нау науқаны кезінде олардың өрт қауіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін түсін­дірме жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағ­дай­лар қаупі туындаған жағдайда хабар беру қажеттігін ескертеді. Әйтсе де, бө­лім басшысының міндетін уақытша атқарушы Асанәлидің айтуынша ескер­туге елең етпейтін тұрғындар көп. Се­бебі соңғы уақытта аудан көлемінде орын алып жатқан өрт тұрғындардың жауап­сыздығы мен салғырттығынан орын алуда. Мәселен, өрт жылыту пеші мен электр желілерінің ақауынан, газ плита үстінде дайындап жатқан асты ба­қы­лаусыз қалдырудан орын алып жатыр.
– Көктем басталса, су тасқынының алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұ­мыстарын жүргізіп, тұрғындарға арық­тарды тазалап, аулаларындағы қарды уақытында шығаруды ескертеміз. Өз­деріңіз білетіндей, соңғы жылдары елі­мізде орман өрті өршіп тұр. Осы ретте біз орман шаруашылығы маман­дары­мен де белсенді түрде бірлесіп жұмыс іс­теп келеміз. Сондай-ақ жыл басында яғни 5 қаңтар күні таңғы сағат 09.43-те Аққұм ауылындағы тұрғын­дар­дың бірінің үйінен газ балонының жылыстануы орын алып, орны толмас қайғылы жағдай тіркелді. Өкінішке орай, өрт барысында үйдің қабырғалары құлап, бөлмелері толық жанған. Өрт сөн­діру барысында баласын құтқа­рамын деп жанұшыра үйге кірген ана­ның мәйіті үйінділер астарынан та­былды. Отбасының басқа мүшелері бі­раз уақыт дәрігерлердің бақылауында болды, – дейді ол.
Сұхбат барысында Асанәли Арапбаев өрттің басым көпшілігі ауылдардағы тұрғын үйде орын алатынын, яғни өрт электр сымда­рының қысқаша тұйықталу салдарынан болатынын жеткізді.
Жан-жағын жайпап өтіп, қы­руар шы­ғынға батыратын өртті болдыр­мау­дың бірден-бір жолы – оның алдын алу. Бүгінде ауданда барлығы 704, кентте 163 өрт гидранты орналасқан. Барлығы жарамды күйде, сала мамандарының толық бақылауында.
– Бізде электронды карта да бар, яғни бір жерде өрт оқиғасы орын алса, соған жақын қай маңда өрт гидранты бар, соны анықтап береді. Бұл орын алған өртті дер кезінде ауыз­дықтауға мүмкіндік береді, – дейді Асанәли Арапбаев.
Мұнан бөлек, ауданға қарасты ауыл­дарды тілсіз жаудан қорғау мақсатында 2021 жылы Мәдениет пен Аламесек, 2023 жылы Қаракеткен мен Бұқарбай батыр ауылынан өрт сөндіру бекеттері ашылған. Әр бекет өзіне жақын ауыл­дарда қандай да бір өрт шықса, көмекке барып ауыл еріктілерімен бірге өртті ауыздықтауға атсалысады.
Аталған бөлім қызметкерлері әр сенбі сайын таңғы сағат 9.00-ден түскі сағат 15.00-ге дейін аудан тұр­ғын­да­рын және басқа да ауылдық округ­терді аралап, тұрғындарға «Тұрмыс­тағы өрт қауіпсіздігі», «Газ және электр жаб­дықтарын пайдалану кезіндегі қа­уіпсіздік» туралы түсіндіруде. Сондай-ақ тұрғын үй секторында өрттің өсуіне және адам шығы­нына жол бермеу мақсатында профи­лак­ти­калық іс-шара­лар­ды жүйелі түрде өт­кізіп келеді. «Көмірқышқыл газы адам өміріне қауіпті», «Жағылған қоқыс­тарды бақылаусыз қалдыр­мау», «Сі­рің­келер балаларғ­а ар­нал­ған ойын­­шық емес», «Балалар­ды қараусыз қал­­дырмау» тақырыптарында үгіт-на­си­хат жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған жадынамалар таратуда. Тұрғындардың жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздік ережесі талаптарын қатаң сақ­тап, оқыс оқиғалардың алдын алу төтенше жағдайлар бөлімі қыз­меткерлерінің басты назарында.
Аталған бөлім қызметкерлерінің жұ­мысы жылдың төрт мезгілінде де қызу қайнап жатады. Себебі олар қақаған қыстың аязы мен шіліңгір шілденің ыс­ты­ғына қарамай адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу бағытында тынымсыз күресуде.

Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: