Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сәрсенбі, 04 маусым, 07:48

Жылыжай жұмысын жандандырған

02.06.2025

69

0

Жылыжай – табыс көзі. Көкөністің күтімі күпті,бабы мықты болып өсуіне жылыжайдың атқарар рөлі орасан. Дастарханымызға дайын күйі келетін көкөністердің қандай күтіммен өсетініне көп көңіл аудара бермейміз. Дей тұрғанмен еселі еңбектің арқасында жемісті жұмыс болатынын ескеру керек.

Жаңақорған ауданындағы Айымбетовтер әулеті жылыжай жұмысын жолға қойған. “Ауыл аманаты” жобасы аясында несие алып, жылыжай салып, сол жерден несібесін алуда. Кәсібін ұлғайту мақсатында 4 000 000 тг несие алып, қазіргі таңда қияр мен қызанақ өнімдерін өндіріп, сатуда. Кішкентай ауылда көптің алғысын арқалап жүрген Наурызбай Айымбетов тұрғындар тарапынан сұраныстың да жақсы екенін айтты. Түгел ауданды қамтып отыр. Бүгінде кәсіпкер бақшасында алма, алмұрт, жүзім жемістері бар. Кәсіп иесі отбасылық бизнесті өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі деп есептейді.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: