Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сенбі, 23 қараша, 12:58

Мектептің ас мәзіріне ұлттық тағамдар енгізілуі мүмкін

10.01.2024

653

0

Алматы мектептерінде оқушыларға берілетін тегін ас мәзіріне ұлттық тағамдар енгізілуі мүмкін. Пилоттық жоба үш мектепте жүзеге асады, деп хабарлайды Kazinform.

Жоба бастамашысы – Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі. Білім мекемесі пилоттық жобаны «Ұлттық салауатты тамақтану орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жүзеге асырады.

«Бүгінгі таңда зерттеу жүргізу үшін №135, №153, №201 үш мектеп таңдалды. Сонымен қатар, аталған мектеп оқушыларының ата-аналарынан рұқсат алынды. Мектептерде антропотологиялық зерттеу өткізілді. Оқушыларымен сауалнама жүргізілді, асхана қызметкерлері оқытылып, тексеріліп, салауатты тамақтануды насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастырылды. Айта кетейік, бұл – әзірге тек пилоттық жоба», – деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.

Зерттеу жұмыстары 2024 жылдың мамырына дейін жалғасады.

Бүгінде Алматыдағы мемлекеттік білім беру мекемелерінде 134 мыңнан астам бастауыш сынып оқушысы тегін тамақпен қамтылған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: