Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілуде, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.
Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,35 теңгеге көтеріліп, 474,19 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 қыркүйектегі долларға ресми бағамы 473,91 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 473,76 теңге, сату – 477,92 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 473,43 теңгеден сатып алынып, 477,49 теңгеден сатылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!