Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 13:31

Несие тарихына не әсер етеді және оны жақсартуға бола ма?

28.08.2024

1739

0

Егер несиені бірінші рет алып жатпасаңыз, банктен ақша алуыңызға несие тарихы әсер етеді. Яғни олар бұрынғы несие мен қарыздарыңыз бойынша міндеттеріңізді қалай атқарғаныңызға қарайды. Қазіргі таңда Қазақстандықтарды несие тарихына не әсер етеді және оны жақсартуға бола ма деген сауал жиі мазалайды. Бұл сұрақтарға кредиттік брокер Дмитрий Колесников жауап берді, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Брокердің айтуынша, қарыз алушы несие тарихын өз бетінше өзгерте алмайды. Мерзімінен кешіккен қарызды жапқаннан кейін қандай да бір уақыт күту керек. Бұл кезең әр банктің саясатына байланысты және ол әдетте 2 жылдан 3 жылға дейінгі уақытты алады.

Егер несиені бірінші рет алып жатпасаңыз, банктен ақша алуыңызға несие тарихы әсер етеді. Яғни олар бұрынғы несие мен қарыздарыңыз бойынша міндеттеріңізді қалай атқарғаныңызға қарайды. Қазіргі таңда Қазақстандықтарды несие тарихына не әсер етеді және оны жақсартуға бола ма деген сауал жиі мазалайды. Бұл сұрақтарға кредиттік брокер Дмитрий Колесников жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Брокердің айтуынша, қарыз алушы несие тарихын өз бетінше өзгерте алмайды. Мерзімінен кешіккен қарызды жапқаннан кейін қандай да бір уақыт күту керек. Бұл кезең әр банктің саясатына байланысты және ол әдетте 2 жылдан 3 жылға дейінгі уақытты алады.

«Несие тарихы мәселесіне басқа жағынан қарау керек және оның нашарлауының себептерін түсіну керек. Негізінен екі жағдайды қарастыруға болады. Біріншісі, қарыз алушы қанша несие берсе соны алады және өзінің кірісі мен төлемдерінің арақатынасына қарамайды. Бұл ақымақтық: адам несиені жағдайына қарап алу керек. Екінші – алаяқтардың әрекеттері. Бұл жағдайдың алдын алу үшін eGov-та несие алуға тыйым салу арқылы өзіңізді қорғай аласыз. Қазір мұндай мүмкіндік бар», – деді сарапшы.

Несие тарихын бұзып алмау үшін маман микрокредит алмауға кеңес берді, өйткені банктер үшін бұл клиенттің өз міндеттемелері бойынша төлеуге ақшасы жоқ екендігін көрсететін айқын сигнал. Сонымен қатар кейбір банктерде келесі ереже қолданылады: егер адамда үш микрокредиттен көп болса, оған автоматты түрде бас тарту келеді.

Мемлекет тарапынан халықтың несие алу деңгейін төмендету үшін тұрақты түрде реттеуші шаралар енгізіліп жатыр. Мысалы, қыркүйекте некеде тұрған қазақстандықтар серігінің келісімінсіз 1000 АЕК-ден (2024 жылы 3 692 000 теңге) асатын сомаға несие ала алмайтыны туралы норма күшіне енеді. Сарапшының айтуынша, бұл өте орынды, себебі көп жағдайда адам несиені серігіне айтпай алады.

«Мен сондай-ақ кепілдік несиелерге назар аударғым келеді: осы жылдың 1 сәуірінен бастап кепілдің болуы несие алуға мүлдем кепілдік бермейді, өйткені енгізілген өзгерістерге сәйкес борыштық жүктеме коэффициенті барлық жеке тұлғалар үшін есептелінеді. Бұл дегеніміз, Қазақстанда кірісті растаусыз несиелер берілмейді деген сөз. Оның жақсы немесе жаман екенін уақыт көрсетеді. Иә, одан халықтың несие алуы азаяды, бірақ шағын бизнестің даму қарқыны да төмендеуі мүмкін. Себебі көптеген адамдар өз істерін бастау үшін жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, несие алатын, бірақ енді олар мұндай мүмкіндіктен айырылды», – деп бөлісті Колесников.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: