Бүгін «АMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Қаракеткен ауылдық округі» БПҰ төрағасы Мира Жүсіпованың ұйымдастыруымен партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында адрестік кездесу өткізілді.
Қаракеткен ауылдық округінде тұратын өзге ұлт өкілі Нұриева Зейнептің үйінде болып, жұмыстарымен танысты. Қоғамдық жұмыстарда белсенді, ауылдық әжелер ансамблінің мүшесі сонымен қатар, тігін тігумен айналысатын ардагеріміз алдағы күндері ауылдағы жас аналарды тігін тігумен айналысуға үйретуді жоспарлауда.
Бүгінгі күні ардагеріміз бау-бақша егумен, қысқа дайындық мақсатында бақша өнімдерін консервілеумен айналысады.
Елеп ескеріп келген «АMANAT» партиясына алғысын білдірген ардагеріміз батасын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!