Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 22 қараша, 08:22

Өзгеріс үшін дауыс бер! Жалпыхалықтық референдумға деген егіншілердің белсенділігі жоғары

01.06.2022

633

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшелері Смағұл Бақытбек пен Генадий Шиповскихтер Таң ауылдық округіндегі «Таң ЛТД» ЖШС егіншілермен кездесті.

Келелі кездесу барысында мәжіліс депутаттары жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы, дауыс берудің ережелері мен шарттары жайлы айтып, қабылданатын әр өзгеріске жеке-жеке түсініктеме берді. Кездесу барысында Ата заңға енгізілетін нақты нормалар, солардың ішінде бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді қамтамасыз ету, сайлау жүйесін реформалау мен жаңа саяси партиялардың құрылуы төңірегінде кеңінен ақпарат берді.

Аталған кездесуге «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшесі, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Шағыртаев Имамзада,штаб мүшелері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Айтжанова Гүлжайна, Досымов Қайрат, штаб мүшелері Әбинеев Еркін, Ахметжамиев Асхат және БАҚ өкілдері қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: