Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 02:21

Қоғамдық қабылдау

20.06.2022

324

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекітілген кестесіне сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Бекжанов Әліби Бақытбекұлы Мақпалкөл ауылдық округінде жеке қабылдау өткізді.


Қабылдауға келген ауыл тұрғындары ауылдық округтегі электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, №15 «Балбөбек» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, Жүргенов атындағы Мәдениет Үйінің жас бишілеріне демеушілер арқылы би киімдерін тіктіруге демеушілік көмек, жұмыссыздық, денсаулық сақтау сынды мәселелерді көтерді.


Тұрғындар тарапынан түскен сауалдармен мұқият танысқан аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Әліби Бақытбекұлы мәселелердің кезең-кезеңімен шешілуіне жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: