Аудан орталығындағы №201 мектеп-лицей ғимаратында орналасқан №131 сайлау учаскесіне таңғы сағат 7:00-ден өз таңдауын жасауға халық келе бастады. Олар Жалпыхалықтық референдумда өз таңдауын жасау арқылы елдің болашағын жарқын етеріне сенеді.
№131 сайлау учаскесінің төрағасы Оразғали Ахановтың бізге берген мәліметіне сүйенсек, аталған сайлау учаскесінде кенттегі 1879 сайлаушының өз таңдауын жасауына мүмкіндігі бар. 2 сағатта мұнда 207 сайлаушы өз таңдауын жасаған. Әлі де келушілердің қатары қалың. Бұл жалағаштықтардың ел болашағына бейжай қарамайтынын аңғартса керек.
«ЖЖ» ақпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!