Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Бейсенбі, 18 сәуiр, 06:59

0,7% жетпей қалды: Түркиядағы сайлауда Ердоған 49,3% дауыс жинады

15.05.2023

4941

0

Түркияда президент сайлауында дауыс берген сайлаушылар бюллетеньдерінің 99,9%-і саналды, деп хабарлайды TRT Haber телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, оппозиция басшысы Кемаль Кылычдароглу жинаған дауыс саны 45%-ке өскен.

Қазіргі президент Реджеп Тайып Ердоған 49,34%, Синан Оған – 5,22%, Мухаррем Инже – 0,43% дауыс жинады.

Егер үміткерлердің бірі 50% дауыс жинаса, онда сайлау бірінші кезеңде аяқталады. Олай болмаған жағдайда жеңімпаз 28 мамырда екінші кезеңде анықталады.

Еске сала кетейік, 14 мамырда Түркияда президент сайлауы өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: