Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 13:57

1 шілдеде шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталады

22.06.2023

395

0

Заңдастырудың аяқталуына 10 күннен аз уақыт қалды. Осыған байланысты мамандандырылған ХҚКО-лар және әкімшілік полиция басқармаларының процессингтік орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Енді мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.30-ға дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 19.30-ға дейін жұмыс істейді.

1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Алайда 1 шілдеге дейін өтінім беріп үлгерген азаматтардың автокөліктері талаптарға сай келетін болса, көрсетілген мерзімнен кейін заңдастыру құқығы беріледі.

Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және бұрын тіркелген елінен есептен шығарылмауы себебінен заңдастыру мүмкін болмайтын автокөліктерді мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылданды. Мұндай автокөліктер көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері әкету туралы міндеттемемен 5 жыл мерзімге уақытша есепке алу немесе бұрынғы тіркеу орны бойынша автокөлікті есептен шығарған жағдайда заңдастыру шарттарымен тіркеледі. Уақытша есепке қою кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәлік және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі (мемлекеттік нөмірлік белгілер үшін мемлекеттік баж – 9 660 теңге, КҚТК – 4 313 теңге,  әдеттегі тіркеу үшін алым – 863 теңге).

Тіркеу туралы куәлікте иеліктен шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу құқығынсыз уақытша есепке алу көрсетіледі. Шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлік белгілері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына сақтауға тапсырылады. Егер Қазақстан азаматтары оларды елден тыс жерлерге әкету туралы шешім қабылдаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының КҚТК және МТНБ тапсыруы тиіс, содан кейін оларға тіркеу құжаттары мен шет мемлекеттің МТНБ қайтарылады.

«Сондай-ақ міндетті автосақтандыру және жол қозғалысы саласындағы заңнаманың соңғы өзгерістеріне сәйкес Қазақстан азаматтары 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген шетелдік автокөліктерге міндетті автосақтандыру полисін ресімдей алмайтынын, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және заңдастырудан өтпеген шетелдік есепке алынған көлік құралдарына қолданыстағы автосақтандыру полисін ұзарта алмайтынын хабарлаймыз. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес міндетті автосақтандыру полисінсіз автокөлікті басқарғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын еске саламыз. Аталған жағдайларда полиция қызметкерлері автокөліктерді ұстап, оларды арнайы тұрақтарға жеткізуге құқылы», делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: