Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы 20 пайызға қымбаттайды.
Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы бұйрық жобасын дайындады.
Құжатқа сәйкес, сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейін қосылған құн салығын (ҚҚС) қоспағанда тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Қазір сұйытылған газдың бағасы – 33 600 теңге.
Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салакетейік, сәуір айында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газдың бағасы өсетінін мәлімдеген болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!