Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Бейсенбі, 18 сәуiр, 15:42

10 сәуірде құбылмалы ауа райы сақталады

10.04.2023

184

0

Қазгидромет синоптиктері 10 сәуір, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жаңбыр жауады. Оңтүстікте таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, түнде Ақмола облысының солтүстігінде жаңбыр және қар жауады.

Тек Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында жауын-шашын болмайды.

Республика бойынша жел күшейеді, тұман түседі, оңтүстік өңірлерде – найзағай жарқылдайды.

Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Жамбыл облысында жел екпіні 30 м/с асады.

Түнде Жетсіу облысының орталығында және таулы аудандарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: