Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Бейсенбі, 28 наурыз, 21:00

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

12.04.2023

355

0

Бүгін «Қазгидромет» РМК синоптиктері қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасады

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні – 17-22 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: