Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сейсенбі, 25 маусым, 06:26

2024 жылдан бастап автогаз бағасы қалай өзгереді – министрлік жауап берді

20.11.2023

345

0

 2024 жылы бірінші тоқсанда сұйытылған газдың бір литрі 5 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрлік газдың бағасын жыл сайын көтеріп отыруды жоспарлап отыр.

«Баға бірден көтерілмейді. Біз жарты жыл сайын өсіріп отыруды жоспарлап отырмыз. Ал үш-төрт жылдан кейін ыңғайлы бағаға шығамыз. Біз инфляция деңгейін де ескердік», – деді Жамауов бүгінгі брифингте.

Осы орайда журналистер газ бағасы көтерілсе, халық арасында наразылық күшейіп кетуі мүмкін екенін еске салды. Жамауов министрлік сұйытылған газ айналымын бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

«Энергетика министрлігі сұйытылған газдың айналымын бақылауда ұстап отыр. Сол себепті біз бағаның күрт көтерілуіне жол бермейміз», – деп атап көрсетті Жамауов.

Қазіргі кезде сұйытылған газды тұтыну көлемі айына 140-145 мың тоннаны құрап отыр. Ал өндірілетін отынның мөлшері одан аз, айына – 130-135 мың тонна.

«Бұған дейін біз Теңізшевройлмен қосымша 10 мың тонна газды жеткізу бойынша келісімге келдік. Бұдан бөлек, КазРосГаз компаниясы 2024 жылы қаңтар айынан бастап Орынбор мұнай өңдеу зауытынан қосымша газ жібереді.

Жылдың басында сұйытылған газдың экспортына толығымен тыйым салынды», – дейді вице-министр.

Қазіргі кезде ішкі нарықта газ тапшылығы жоқ. Бірақ көлік жүргізушілері оны көп жағып жатыр. Жыл басынан бері 300 мыңнан астам көлік иесі газ қондырғысын орнатып алды.

Sputnik Қазақстан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: