Елімізде сайлауды өткізу процесін жетілдіруге бағытталған бірнеше өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аудандар және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Әкімдерді сайлау үш кезеңде өтеді. 2023 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктердің – 25%, 2024 жылы – 25%, ал 2025 жылы барлық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайлау арқылы тағайындалады», – деді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова ОКҚ-де өткен брифингте.
Сонымен қатар министр орынбасарының мәлімдеуінше, сайлау процесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді.
«Әлеуметтік желілерде үгіт-насихатқа рұқсат беру, сол сияқты аумақтық сайлау комиссияларының қызметін кәсібилендіру, сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтың шекті мөлшерін белгілеу және тағы басқа өзгерістер қамтылған», – дейді ол.
Айта кетсек, елімізде Президенттің бірқатар құзыреті мен өкілеттігін шектейтін заң қабылданды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!