Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жексенбі, 13 қазан, 16:39

2025 жылдан бастап бүкіл аудан-қала әкімдері сайлау арқылы қызметке келеді

07.11.2022

322

0

Елімізде сайлауды өткізу процесін жетілдіруге бағытталған бірнеше өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Аудандар және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Әкімдерді сайлау үш кезеңде өтеді. 2023 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктердің – 25%, 2024 жылы – 25%, ал 2025 жылы барлық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайлау арқылы тағайындалады», – деді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова ОКҚ-де өткен брифингте.


Сонымен қатар министр орынбасарының мәлімдеуінше, сайлау процесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді.


«Әлеуметтік желілерде үгіт-насихатқа рұқсат беру, сол сияқты аумақтық сайлау комиссияларының қызметін кәсібилендіру, сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтың шекті мөлшерін белгілеу және тағы басқа өзгерістер қамтылған», – дейді ол.


Айта кетсек, елімізде Президенттің бірқатар құзыреті мен өкілеттігін шектейтін заң қабылданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: