Синоптиктер Қазақстанда 23 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағында аптап ыстық, жаңбыр, жел болады. Сонымен қатар бұршақ жауады, шаңды дауыл соғады.
Атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ жаууы, бұрқасын болады, оңтүстік-батыста, күндіз оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады.
Қызылорданың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!