Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сенбі, 13 сәуiр, 23:55

27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

27.02.2024

276

0

27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Бұл атаулы дата 1950 жылы БҰҰ шешімімен тізімге енгізілген болатын. Қазіргі таңда аймақтағы азаматтық қоғам институттары 2000-нан астам жұмыс орнын нәтижелі құрып, экономиканың дамуына айрықша үлес қосуда. Мәселен, былтыр облыстағы қоғамдық ұйымдар 124 әлеуметтік маңызы бар жобаны сәтті жүзеге асырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден хабарлады.

Бүгінде республика бойынша 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар болса, біздің облыста 1217 ұйым тіркелген. Бүгінгі атаулы күнге орай өңірімізде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, Қызылорда облысының Азаматтық альянсының бастамасымен қауымдастық мүшелеріне арналған арнайы кездесу өтті. Кездесу аясында мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері бірнеше мәселелерді ортаға салып, өзара пікір алмасты. Сондай-ақ, бүгін мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйым өкілдері арасында футболдан жолдастық жарыс ұйымдастырылады. Жалпы, Азаматтық альянс қауымдастығы 2020 жылы жаңа форматта өз жұмысын бастап, оған 73 ұйым мүшелікке кірген болатын. Содан бастап, біздің ұйым өз бағыты бойынша нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуде. Қауымдастық базасында үкіметтік емес ұйымдарға жан-жақты қолдау көрсететін СаII орталық пен сайт іске қосылды. Биыл да бірнеше жоспарларды жолға қойып, іске асырудың нақты нәтижелерін жоспарлаудамыз, – деді Анар Жарылқасынқызы.

Брифинг барысында Азаматтық альянс «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің директоры Айнакүл Баймаханова экологиялық мәселелерді оңтайландыру бағытындағы жобалары мен негізгі жұмыстарын атап өтті.

Біздің қоғамдық бірлестік 1996 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында халықаралық ұйымдар арқылы 30-ға жуық жобаны жүзеге асырды. Оның ішінде, Арал ауданындағы 3 мыңға жуық халық жұмыспен қамтылып, 30-ға жуық жұмыс орны ашылды. Біздің қолға алған жобалардың басым көпшілігі экологиялық және әлеуметтік салаларға бағытталады. Соңғы уақытта қоқыстардың шектен тыс көбеюі ауаның шамадан тыс ластануына әкеп соқтыруда. Осыған байланысты ауданымызда қоқыстарды өңдеу цехын аштық. Алдағы уақытта да бұл жобаны жалғастырамыз, – деді Айнакүл Үдербайқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: