Қазгидромет 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.
Тек елдің солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, солтүстікте екпінді жел соғады.
Қызылорда қаласының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
 
                 
             
		 
         
         
         
         
         
        
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!