Орталық сайлау комиссиясы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша әзірленген деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ОСК мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Республиканың 2 млн 792 мың 962 азаматы дауыс беру бюлетенін алған. Бұл тізімдегі барлық адамның 23,37 пайызын құрайды.
Сондай-ақ ол өңірлер бойынша дауыс берушілер көрсеткішін атап өтті:
- Абай облысы бойынша – 25,64 %
- Ақмола облысы бойынша – 21,21 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 26,66 %
- Алматы облысы бойынша – 20,12 %
- Атырау облысы бойынша – 25,03 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 20,86 %
- Жамбыл облысы бойынша – 23,27 %
- Жетісу облысы бойынша – 25,58 %
- Қарағанды облысы бойынша – 32,27 %
- Қостанай облысы бойынша – 26,97 %
- Қызылорда облысы бойынша – 29,41 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 25,20 %
- Павлодар облысы бойынша – 27,90 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 27,33 %
- Түркістан облысы бойынша – 27,03 %
- Ұлытау облысы бойынша 27,81 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 23,17 %
- Астана қаласы бойынша – 13,73 %
- Алматы қаласы бойынша – 8,42 %
- Шымкент қаласы бойынша – 30,92 %
Айта кетейік, азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.05-те беріледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!