8 маусымда Қазақстанның оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы және оңтүстік-шығысы циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Онымен найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Еліміздің қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Өңірдің орталығында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!