Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 21:00

Әбеге 100 жыл: Торқалы той жалғасын тапты

19.12.2024

149

0

Саналы ғұмырының соңына дейін-ақ қағазбен дос болып, арымен серттескен, туған жерінің талайлы тағдырына алаңдап, тұтас дәуірдің жүгін арқалай білген алып тұлға, артына көл-көсір мұра қалдырған Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке биыл 100 жыл.Шын мәнінде сөз өнерінің әкесі болған Әбеңнің рухына жасалып жатқан құрмет – ұрпақтың рухани қазынасын молайта түсудің бір жолы. Қорыта келсек, «Қазақ әдебиетінің қара нары» Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жас мерейтойы, бүкіл қазақ халқының, қала берді қазақ әдебиетінің тойы.

Әбеге 100 жыл: Торқалы той жалғасын тапты

Өздеріңіз білетіндей, бұл мерейтой аясындағы шаралар 20 қазанда басталды. Нақ сол күні аңыз тұлғаның ақырет алдындағы өзі қалаған орынға, яғни көк теңіздің биік нүктесі саналатын Беларан төбенің басында арнайы ас беріліп, рухына Құран бағышталды.Бұдан бөлек Алматы қаласында қаламгердің есімін ұлықтау мақсатында Қазақ ПЕН клубының ұйымдастыруымен және ҚР Жазушылар одағының бастамасымен Ә.Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті.Одан кейінгі жазушының туған жерінде өткен шаралар легі толастаған жоқ. «Ғасырлар толқынының дарабоздары» деген атаумен бастау алған мерейтой аясында көптеген тағылымды шаралар шымылдық түрді. Күні кеше Қызылорда қаласындағы «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты еске алу кеші өтті. Бүгінгі шара сол торқалы тойдың лайықты жалғасы.Арысы Астана мен Алматы қалаларынан арнайы келген ақын-жазушылар, көптеген зиялы қауым өкілдері мен жазушының ет жақын туыстары бас қосқан шара ең алдымен қаламгердің шығармашылық үйінде бастау алды.Ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайында кеңінен танысу мақсатында қонақтар Ә.Нұрпейісов атындағы әдебиет үйіне саяхат жасады.Мұнда Әбе болмысын аша түсетін рухани құнды қазыналар жинақталған. Түрлі тарихи суреттер мен қолжазбалар, Әбенің өзі тұтынған заттары мен сан алуан экспонаттар жиынтығы және классик жазушының өз қолымен қайта өңдеген кітабы қонақтарға ең құнды жәдігер ретінде таныстырылды.Зиалы қауым өкілдері шығармашылықтың қара шаңырағында өз естеліктерімен бөлісіп, арнайы қолжазба кітапқа қолтаңба ретінде естелік қалдырды.

Әбеге 100 жыл: Торқалы той жалғасын тапты
Әбеге 100 жыл: Торқалы той жалғасын тапты
Әбеге 100 жыл: Торқалы той жалғасын тапты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: