Адам мінсіз емес. Бірақ әр әйелдің табиғатында кемелдікке ұмтылу бар. Бизнес-коуч Вера Фишингер қандай әдеттер алға қойған мақсатқа жетуге кедергі келтіретінін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Күтімсіз сырт келбет
Кей әйелдер тек арнайы қандай да бір шара алдында ғана сырт келбетіне мән береді. Ал қарапайым күндері күтімді көрінуді қажет деп санамайды. Тіпті, гигиенасына да мән бермейтіндер бар. Алайда өзіңізді ретке келтіруге аса ештеңе қажет емес. Бастысы – қалау мен сәл күш салу. Өз-өзіне салғырт қарау ешкімге пайда әкелмейді. Одан көңіл күй мен өзін-өзі бағалау төмендеп кетуі мүмкін. Күн тәртібінен сұлулық процедураларына 1 сағат бөліңіз. Салонға бару міндетті емес. Бұл өзіңізді жақсы сезінуге жағымды әсер етеді.
Зиянды әдеттер
Қазір салауатты өмір салтын сақтау сәнге айналды. Өз денеңізді жетілдіруге бағытталған шаралар көп. Ол әртүрлі тамақтану жүйелері, физикалық жаттығулар, медиативті тәжірибелер және косметологиялық процедуралар болуы мүмкін. Олар денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, соның ішінде, темекі тартудан бас тартуға шақырады. Темекі денсаулыққа зиянымен қатар, бет реңкіне, тіске және тіс эмаліне жағымсыз әсер етеді.
Ұқыпсыздық
Кешігудің жақсы емес екенін бәрі біледі. Ол адамдармен қарым-қатынасты нашарлатады, сенімсіздік пен реніш тудырады. Уақытын дұрыс санамайтын адаммен ешкім жұмыс жасағысы келмейді. Бұл жерде оятқыштар көмектеспейді. Себебі оның себебі әдетте жалпы ұйымшылдықтың және жауапкершіліктің болмауымен байланысты.
Шағымдана беру және нашар көңіл күй
Егер адам үнемі жағымсыз жағдайда жүрсе, барлық нәрсеге шағымдана берсе, онымен сөйлескісі келетін адамдар саны азая береді. Мұндай адамдар пессимизммен өздері қиналып қана қоймай, оны айналасындағыларға да таратады.
Жағымсыз нәрсенің бәрін кейінге қалдыру
Денсаулыққа мән беру, тексерістерден өту және дәрігерлердің ұсыныстарын орындау өте маңызды. Тіпті әйел олармен айналысуға қорықса да, ол өзін жақсы көретіндіктен, денсаулықты бірінші орынға қоюы керек.
Диеталар
Барлық нәрседе, соның ішінде диетада да шаманы білу керек. Әрине, дұрыс тамақтанудың көмегімен өзіңізді тонуста ұстау маңызды. Алайда жиі артық салмақтан арылғысы келу «жабысқақ» ойға айналады. Ағза жеткілікті мөлшерде ақуыз, май және көмірсулар алмаса, ағза депрессия секілді күтпеген реакциялар бере бастайды. Мұндай жағдай өз-өзіңізбен және айналадағылармен үйлесімде болуға ықпал етпейді.
Өзіне үнемдеу
Орынды шығындалу мен үнемі өз-өзіне бас тарту әдетінің арасында айырмашылық бар. Өзінен үнемдеу қауіпті патологияға айналуы мүмкін.
Ендеше, әйелге не жарасады? Өз-өзіне, сұлулығына және құндылығына сену. Бұл сезім тек сырт келбетті емес, басқалардың сізге деген қарым-қатынасын жақсы жаққа өзгерте алады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!