Әлеуметтік -еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың басым бағыттарының бірі оларды электронды,әсіресе проактивті форматта көрсету болып табылады, онда мемлекет мемлекеттік деректер базасынан мәліметтер негізіндеқызмет көрсету процесіне бастама жасайды. Бүгінгі күні әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтердің 45 түрі бар.
Жалпы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында 2025 жылға қарай барлық мемлекеттік қызметтердің100%-ын электрондық форматқа, оның ішінде кемінде 60%-ын проактивті форматқа көшіру міндеті тұр.
Проактивті қызмет түрі – қызметті берушімен алушының байланысын болдырмайды, қызмет көрсету уақытын барынша қысқартады, қағазды құжаттарды жинаудың және уәкілетті органдар қызметкерлерінің қатысу қажеттілігін жояды.
Мемлекеттік көрсетілетін16 қызмет түрінің жүзеге асырылған 13 қызмет түрі
1.Бала тууға және бала бңр жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау
2.Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау
3.«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалармен наградталған немесе бүрын «Батыр ана » атағын алған, 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға жәрдемақы тағайындау
4.Бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелет жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау
5. еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем
6. мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
7. мемлекеттік кепілдеме – инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін бір жолғы төлем
8. асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемелекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
9. асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау
10. жұмысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем
11.жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына байланысты әлеуметтік төлем
12.бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлем
13. арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау оның ішінде
1) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдар
2) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар
3) бала кезінен мүгедек адамдар күтіміне байланысты жәрдемақылар қарастырылып отыр.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін оңтайландыру мақсатында 17 қызмет түрі бойынша эксаумақтық қағидат енгізілді. Яғни, азаматтар қай жерде тұрғанына қарамастан, кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мемлекеттік қызмет алуға өтініш білдіре алады.
Сондай-ақ Каспий мен Халық банк қосымшалары арқылы әлеуметтік жәрдемақының бірнеше түрін алуға өтініш беру қарастырылды.
Мобильді азаматтар базасында тіркелген азаматтар үшін смс-хабарлама арқылы баланың тууын тіркеуге, жәрдемақы рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактивті қызмет қарастырылған. Жәрдемақы және әлеуметтік төлемді рәсімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасында «мемлекеттік қызметтер» бөлімін тауып, тиісті мемлекеттік қызметті таңдау және дербес деректерді өңдеуге келісім беру қажет. Өтінім жіберілген соң, ол мемлекеттік орган тарапынан қаралып, қызмет алушыға оны қарау нәтижесі және төлемдердің тағайындалған сомасы туралы смс-хабарлама жіберіледі.
Қазіргі таңда электронды үкімет порталы арқылы, жұмыспен қамту орталығы, медициналық сараптама орталығы, перзидент аппараты және жеке тұлғаның мемлекеттік мәлімет базасы арқылы – бала туу және бір жасқа толғанға дейінгі жәрдемақы,
жұмысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы, мүгедектігне байланысты жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері ретінде марапатталған көп балалы аналарға төленетін жәрдемақы және 4 және одан да көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақылар тағайындалуда.
Ш.А.Сасыкбаева
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Жалағаш аудандық бөлімінің басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!