Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жұма, 26 сәуiр, 15:54

Әлеуметтің әлеуеті артпай,
дамуға бет түзей алмаймыз

10.08.2022

384

0

Елдегі жұмыссыздық мәселесін шешу, жұмыссыздар санын азайту және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту күн тәртібінен түспейтін мәселе. Өйткені өркениетке қадам басу үшін де, алпауыт елдермен иық тіресу үшін де, кемел келешекке қол жеткізу үшін де халықтың тұрмыс сапасын арттыру маңызды шаруа. Себебі әлеуметтің әлеуеті артпай, дамуға бет алдық деу қателік. Мемлекеттік саясатты жүргізіп отырғандар осыны жақсы түсінеді. Саясаттың, мемлекеттік бағдарламалардың барлығы да осы әлеуметтік салаға бағытталуының себебі осында.

Жалпы жұмыссыздық кедейшілік дең­гейін арттырып қана қоймай, жоқшылық­тан ти­тық­таған кез келген адамға психо­логиялық соққы әкелуі де мүмкін. Мұндай жағдайда бір азамат қана емес, бүкіл отбасы мүшелерінің өмірге деген көзқарасы өзгеріп, тіпті кей жас­тар жұмыссыздық, бос уақыты көптіктен, кей­де жоқшылықтан өз-өздерін ақылға жең­діре алмай қиындыққа тап болып жатады. Ал кей отбасында дәл осы мә­селе шешілместей көрініп, шаңырақ шай­­қалатын да кездер кез­де­седі. Неге барлығы жұмыссыздыққа келіп ті­реле­тініне жауап іздеудің де қажеті жоқ. Өйт­­кені қазір нарықтық заман, қымбат­шылық заман.
Бұрынғыдай қазақылыққа салынып, тіпті жақыныңа да әлсін-әлсін қол жая ал­май­сың. Адамның бәрі нанталап тір­ліктің соңында азаны-кеш жүргендіктен біреудің-біреуге қа­рай­ласуға көп ретте мүмкіндігі де бола бермейді. Не де болса екі қолға бір күрек табу керек, отбасын асырау керек. Бұл тұрғыда біздің қоғам қатігез демейміз.
Тек халықта сауаттылық болса, мем­ле­­кеттік бағдарламалар арқылы алға мақ­сат қойып, өз ісін бастауына мүм­кін­­дік бар. Әдепкіде демеп жіберетін бұл бағдарламалардың тиімді тұсы көп түсін­генге. Жалағаш халқының бұл тұр­ғыда айы оңынан туып тұр деуге болады. Мұны жыл сайын өз мақса­тына қадам басып, ойындағы арманын шындыққа айналдырған, кәсібін қолға алғандар қатары артқанынан бай­қаймыз. Басты­сы ниет болса болғаны. Тиын­нан тиын құрап, шағыннан басталған кәсіптің көк­жиегін кеңейтуге де болады.
Ауданда, әсіресе «Нәтижелі жұмыс­пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың «Еңбек» мемлекеттік бағ­дар­­ламасы аясында осы уақытқа дейін бір­шама жоба қайтарымсыз грант­пен қаржыландырылды. Әлеуметтің әлеуе­­тін көтеруді көздеген бағдарлама осы­лай­ша жұмыссыз жан­дар­дың өз ісін бастауына үлкен көмек беруде.
Жалпы ауданда халық саны отыз бес мың­нан аса адамды құраса, оның ішінде эконо­микалық белсенді халық саны он бес мыңға жуық, ал жұмыссыздар сегіз жүзге жуықтайды. Жұмыссыздық дең­гейі 5,1 пайызды құраса, жастар арасындағы жұмыссыздық 4,5 пайызды құрап отыр. Биыл ауданда 2 420 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде тұрақтысы – 1342, уақытшасы – 1078. 6 айда 1383 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның 637-сі тұрақты болса, 746-сы маусымдық жұмыс екен. Қазірдің өзінде жоспар 57,1 пайызға орындалып отыр. Биыл аудан бойынша мемлекеттік атаулы көмекке 118 млн теңге қаржы қаралып, 6 айда мемлекеттік атаулы әлеу­меттік көмек 291 отбасына көрсе­тіліп, оларға 54,7 млн теңге үлестірілді.
Ауданда отбасының цифрлық карта­сына енген 857 отбасына толық зерттеу жүргізіліп, мемлекеттік атаулы көмек алушы отбасы саны 13-ке азайған. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіп­керлікті дамыту» ұлттық жобаның орын­далуына келсек, 22 шілдеге дейін 1 530 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, олардың 1374-і, яғни 89,8 пайызы бағдарламаға қатысушылар құрамына енген.
Нәти­жесінде әлеуметтік жұмыс орны 30, жастар практикасымен 156, қоғамдық жұмысқа 737, ұрпақтар келісімімен 3, ал­ғашқы жұмыс орнына 6, күміс жас жобасымен 9, тұрақты жұмысқа 432 адам ораналасқан. Сондай-ақ 1 адам қай­та­рымсыз грант иегері атанды. Жаңа биз­нес идеяларды іске асыруға ар­налған мем­лекеттік қайтарымсыз грант тағайын­дауға 283,2 млн теңге қар­жы бөлінді. Жоспар бойынша 300 адамға тағайындау көзделген бола­тын. Есепті мерзімде комиссияның ше­шімімен 1 адамға 1225,2 мың теңге берілген.
Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жо­­­лын­дағы қарқынымыз, әсіре­се жас­тар­дың қоғамдық-саяси өмір­дегі ұс­та­­нымына, олар­дың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсен­ділігіне байла­нысты.
Сондықтан жұмыссыздық мәселесін ше­шуде алдымен жастар арасындағы жұмыс­сыздықты қолға алған тиімді деп ойлаймыз. Әсіресе жас отбасылардың өмірден өз орындарын табуына, көшке ілесіп, ел қа­тарлы тұрмысын түзеуіне мүм­кіндік бе­рілгені жөн.
Бұл тұста жас­тарға арналған бағдар­лама­лар мен қолдауды жандандыру, толаста­мауын қатаң қадағалау маңызды. Тұрақты жұмыс­пен қамтылған, өз қарым-қабі­летін жан-жақты дамытуға бел буған, барлық жа­ғы­нан бәсекеге қабі­лет­ті жастар қоғам үшін де пайдалы болмақ.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: