Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев еңбек ардагерлері Сайлаубай Әбішевті 80, Салхадин Мырзабековті 70 жас мерейтойымен құттықтап, адал еңбекті бағалаудың маңызын атап өтті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі» деген болатын.
Сыр өңірінде адал қызмет атқарып, саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген азаматтарды ардақтауды дәстүрге айналдырдық.Бүгінгі ресми жиынымыз өнегелі істердің ұйытқысы болған, жұртшылыққа етене таныс Әбішев Сайлаубай Әбішұлы ағамыздың 80 жасқа, Мырзабеков Салхадин Мырзабекұлы ағамыздың 70 жасқа толған мерейтойына арналады. Сіздердің жылдар бойы туған өлкенің игілігі жолында атқарған еңбектеріңіз, адал қызметтеріңіз шынайы құрметке лайық.
Сыр жұртшылығы аймақтың дамуына зор үлес қосқан Өздеріңіздей жерлестерімен мақтанады. Тілеулес, ақадал ниетті азаматтардың атынан бүгінгі мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Жиында облыс әкімі мерейтой иелеріне Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті. Ел ағалары Дайрабай Ысқақов, Бекмырза Еламанов, Биғали Қаюпов сөз сөйлеп, ізгі тілек білдірді.
Сайлаубай Әбішұлы еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, кейін комсомол органдарында, Шиелі ауданында басшылық қызметтер атқарған. Әр жылдары колхоз төрағасы, совхоз директоры, аудандық бөлім басшысы және «Білім жабдық» мекемесінің директоры қызметтерінде болған.
Қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласып, партия құрылымдарында 20 жылға жуық еңбек етті, 8 шақырылым бойы аудандық кеңес депутаты болып сайланған.
Салхадин Мырзабекұлы еңбек жолын 1973 жылы жұмысшы болып бастап, кейін бас экономист, аудан әкімінің орынбасары, салық комитетінің төрағасы, кеңшар директоры қызметтерін атқарған. 1996-1999 жылдары Жаңақорған ауданының әкімі ретінде өңірдің дамуына үлес қосты.
Экономика ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер жүргізген. Жиырма жылдан астам әлеуметтік қорғау саласында еңбек етіп, облыстық департаменттерді және мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының өңірлік филиалын басқарды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!