Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:16

Аймақ басшысы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президентімен кездесті

22.04.2023

5253

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановпен және ҚР «Көкпар» федерациясының президенті Бауыржан Исабаевпен кездесті.

Кездесу барысында ұлттық спортты дамытып, бұқаралық сипатын арттыру мәселелері талқыланды.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов Сыр өңірінде бәйге чемпионатының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғыс білдірді. Алдағы уақытта ұлттық спорт жарыстары кәсіби деңгейде өткізілетінін атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қызылорда облысында 8 ұлттық спорт түрі (асық ату, аударыспақ, жамбы ату, жекпе-жек, қазақ күресі, көкпар, теңге ілу, тоғызқұмалақ) бойынша 26396 спортшыны 797 жаттықтырушы тәрбиелеуде. Оның ішінде, ат спорты бойынша «Қызылорда облыстық ұлттық ат спорты федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Көкпар» федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы, «Қызылорда облысының бәйге федерациясы» қоғамдық бірлестіктері тіркелген.

Сонымен қатар, өңірде ұлттық спортты дамыту мақсатында Қызылорда қаласынан 2018 жылы «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы» КММ құрылып, қазіргі таңда 7 спорт түрі бойынша (қазақ күресі, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, тоғызқұмалақ, асық ату, ұлттық жекпе-жек) 12 жаттықтырушы-оқытушы 407 спортшыны баулуда.

Еске салсақ, бүгін Қызылордада бәйгеден ІІ Қазақстан Республикасы чемпионатына Оңтүстік аймақтық іріктеу турнирі мен «Ұлттық киім – ұлт ажары» атты облыстық ұлттық киімдер байқауы өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: