Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жұма, 12 қыркүйек, 16:44

Аймақта “Учаске” профилактикалық шарасы өтуде

12.09.2025

6

0

1 қыркүйектен бастап облыс аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шараның алғашқы 10 күнінің қорытындысымен облыс көлемінде 25 691 тұрғын үй араланған. Саяжай үйлері мен шаруа қожалықтары да тексерістен тысқары қалмады. Шара жұмысын жүйелеуге 705 адам жұмылдырылған. Айта кетейік профилактикалық іс-шара 1 қарашаға дейін жалғасады. Бұл туралы облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов мәлімдеді.

  • Жалпы облыс көлемінде 166 151 тұрғын үйдің 25 691 үйі араланды. Сонымен қатар 245 саяжай үйлерімен 321 шаруа қожалықтары тексерілді. Есептегі элементтер оның ішінде 203 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, 60 әкімшілік қадағалау орнатылған, 68 ерекше талап белгіленген, 117 қорғау нұсқамасы шығарылған , 206 әкімшілік қадағалауға формальді түрде жататын, 557 пробация есебіндегі адамдар, 36 қолайсыз отбасы мекен-жайларынан тексеріліп, олармен қайта қылмыс жасамау бағытында профилактикалық шаралар жүргізілді. Тіркеуде жоқ 6 аңшы қару тәркіленіп, сақтау ережесін бұзған 5 қару иесіне 484 және 486 әкімшілік хаттама рәсімделді. Құқық бұзушылық жасаған 42 кәмелетке толмағандар ұсталып, 15 бейімдеу орталығына жатқызылса, 27 әр түрлі құқық бұзушылықтары бойынша хаттама толтырылды. Қоғамдық оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеудің шарты мен тәртібін бұзған 24 дерегі анықталды. Бұл жұмыстар алдағы 2 ай көлемінде жалғасын табатын болады,- деді Рауан Қырымұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: