Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Бейсенбі, 02 мамыр, 02:51

Аймақтық ақындар мүшәйрасы өтті

23.09.2022

501

0

2022 жылдың 21 қыркүйек күні аудандық «Мәдениет және өнерді дамыту орталығы» КМҚК-і мен «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен ақын, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» аймақтық ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Аталмыш мүшәйраны Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалының төрағасы – Дина Мирман, Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік тіл маманы – Назерке Есаманова, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық әйелдер кеңесінің төрағасы – Роза Ералы қазылық етті.

Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы….» атты аймақтық ақындар мүшәйрасына 10 жас ақын қатысып:

Бас жүлде: Әдіс Шерхан – Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі (9 сынып оқушысы)

I орын: Темірбек Айбатыр – З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп (9 сынып оқушысы)

II орын: Темірханұлы Айтмұрат – №114 мектеп (9 сынып оқушысы)

II орын: Темірбекқызы Нұрай – Ш.Ермағанбетова атындағы №246 мектеп (8 сынып оқушысы)

III орын: Маратқызы Нұрай – Жалағаш Индустриалды Аграрлы Колледж студенті

III орын: Қалыбай Қарақат – Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейі (9 сынып оқушысы)

III орын: Қайратқызы Жібек – Ш.Ермағанбетова атындағы №246 мектеп (8 сынып оқушысы) иеленді.

Шараға белсене қатысып, жүлделі орындар алған жас ақындарға бағалы сыйлықтар мен дипломмен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: