Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 08 қыркүйек, 05:16

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

23.11.2023

351

0

Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыдай циклон ықпалында болып, елде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі: 23 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыста, 23-24 қараша күндері солтүстік-батыста, ал 24 қарашада – республиканың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 25 қарашада елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысында және орталығында күн райы біртіндеп жақсарып, жауын-шашын жаумайды.

Алдағы күндері республика бойынша жел жылдамдығының 15-28 м/с дейін күшейетіні болжанып отыр. 23 қарашада елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, 23-24 қараша күндері оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел жылдамдығы 30 м/с және одан көп болуы ықтимал. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ болады.

Елдің батысында ауа температурасы түнде -15° – +2°-тан -8°- +8°-қа дейін жоғарылайды. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында ауа температурасының түнде – 3-15 °-қа дейін төмендейтіні болжанып отыр. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -6°- +5°-қа дейін, ал шығыста -10°-+3° аралығында төмендейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: