Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жұма, 29 наурыз, 20:57

Алдағы Сенат отырыстарының күн тәртібі белгіленді

02.05.2023

317

0

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар 4 және 11 мамыр күндері өтетін Сенат отырыстарының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

4 мамыр күні сенаторлар «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Құжатта қарастырылған нормалар кедендік транзит кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу кезінде қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.

11 мамырда өтетін Сенат отырысында депутаттар «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Заң авторлық құқықтың бұзылуына қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерін қалыптастырады, сондай-ақ ТМД елдерінің өзара сауда-экономикалық және мәдени байланыстарын кеңейтуге ықпал етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: