Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 қараша, 08:59

Алматы облысында зілзаладан кейін 19 нысанға зақым келген

24.01.2024

457

0

Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда6 деп хабарлайды вдеомствоның баспасөз қызметі.

Жедел желі телефондарына азаматтардан 800-ден астам қоңырау келіп түсті. Алматы облысының аумағында 19 объектіге зақым келген. Негізінен қабырғаларда жарық пайда болған.

«Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы аумағында 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді», – делінген хабарламада.

Еске салайық, қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматыда бірнеше толқынмен жер сілкінді. Ресми мәлімет бойынша алғашқы дүмпудің амплитудасы 5 баллға дейін жеткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: