Бүгін Жалағаш ауданының диқандары азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағада ұсынуда. Облыс орталығына күріштен бастап көкөніс, бақша дақылдары, ет, балық, сүт өнімдері мен мал азығы сынды өнім түрлері әкелінген.
Қызылорда қаласы Титов мөлтек ауданындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне 60 автокөлікпен барлығы 240 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілді. Атап айтқанда 45 тонна күріш, 45 тонна картоп, 20 тн сәбіз, 9 тн жуа, 10 тн қырыққабат, 20 тн асқабақ, 45 тн қауын-қарбыз, 20 бас уақ малдар, 4 тн қызылша, 2 тн жылқы, сиыр еті, 600 кг шұжық, балық және тағы да басқа өнімдер қала тұрғындарына базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада ұсынылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!