Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:14

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

12.01.2023

486

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалында партия филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясы болып өтті. Аталған жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы және «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Партияның аудандық филиалының конференция жұмысына арнайы партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов сонымен қатар, бастауыш партия ұйымының жетекшілері, партия белсенділері, партия ардагерлері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Аталған конференция жұмысын партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағалығына Уздембаев Жақсылық Нұрбайұлының кандидатурасы ұсынылып, жиынға қатысушы делегаттардың ашық дауыс беру арқылы қолдау тапты.
Уздембаев Жақсылық Нұрбайұлы – «Өркен Әлем» ЖШС арнайы киім тігу цехының директоры, Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі.
Өз кезегінде сөз алған партияның аудандық филиалының төрағасы Жақсылық Нұрбайұлы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға және алдағы уақытта барша партияластарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Күн тәртібне қойылған екінші мәселе бойынша партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамы делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесі бойынша жаңартылды. Мұнан соң партияның аудандық филиалының төрағасы Жақсылық Нұрбайұлының төрағалығымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысымен жалғасып, Саяси кеңесті Бюро құрамынада өзгерістер енгізілді.
Конференция соңында сөз алған партияның облыстық партия филиалының төрағасы Наурызбай Сейітқалиұлы жаңа төрағаның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың сапалы өмір деңгейін арттырудағы партия жұмысына тоқталып өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: