Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 14:02

«AMANAT»-ТЫҢ АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

03.07.2023

1619

0

Бүгін республика бойынша барлық деңгейдегі 2500 депутат басқосқан «AMANAT» партиясынан сайланған депутаттардың алғашқы республикалық форумы болды. Аталған форумға делегат ретінде қатысу бағы бұйырды. Бұл тарихи сәт, тарихи күн.
Форум туралы:
Басқосудың негізгі мақсаты мен міндеті – депутаттардың оң имиджін қалыптастыру, қоғамның партияға, депутаттарға, мәслихаттарға деген сенімін арттыру және өткір мәселелердің шешілу жолдарын талқылау.
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарынан бөлек «AMANAT»-тың Төрағасы Ерлан Қошанов, Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары және министрлер қатысты.
Форум мемлекеттік Гимнмен басталып, модератор «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев болды. Алғашқы болып партия Төрағасы Ерлан Қошанов бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Солардың ішінде – сайлаушылармен өзара іс-қимыл мәселесі. Біз не істесек те, сайлаушылардың мүддесі үшін қызмет ету керектіміз туралы және берілген уәделердің сапалы және уақытында орындалуы турлы айтты. Халық депуатттар ең бірінші уәденің орындалуын күтеді. Халық – Құдайдың бір аты, ал уәде – құдай сөзі.
Форумда бірқатар жарыссөздер болды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин, мәслихат және Парламент депутаттары сөз сөйледі. Барлығының мақсаты халық игілігі жолындағы жұмыстар.
Форум әрі қарай понельдік сессияға жалғасты. Сессияны ҚР Парламенті мәжіліс депутаты Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы жүргізді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Щегалова Динара Ринатқызы және ҚР энергетика вице-министрі Нұрмағанбетов Жандос Демесінұлы қатысты. Мен бұл орайда, тұрғындар көкейінде жүрген мәселені ұсындым. Яғни, Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік жолы — халықаралық транзиттік автожолының Қызылорда қаласы және Арал аралығында мал өткелдері мен жарық шамдардың жоқтығын жеткіздім. Бұл тұрғыда вице-министрі Щегалова Динара Ринатқызы мәселені назарға алатындығын жеткізді. Жазбаша түрде мәдениет саласы бойынша елді мекендердегі мәдениет үйлер мен клубтардың штат бірліктеріне үйірме жетекшілерін қосу, жалпы 1193 қаулыға штат бірліктерімен толықтырулар еңгізу және құлау қаупінде тұрған клубтардың орнына жаңа ғимараттар салуға ұсыныс білдірдім.
Бүгінгі форум жоғары деңгейде өтті. Өңірлерден келген әріптестермен пікір, спикерлермен тәжірибе алмастық. Жинақталған тәжибе жұмыс барысында қолданылатыны сөзсіз.


АЙТЖАНОВА Гүлжайна,
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі, форум делегаты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: