Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 22:32

Ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады

26.01.2021

575

0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысын өткізді. Басқосуда жаңадан тағайындалған ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мемлекеттік қызметші ретінде ант берді.

Отырыста елдегі санитарлық-эпидемио­логиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов баян­дама жасады.


Айта кетейік, қазіргі таңда Covid-19 таралу қарқыны бойынша ҚР-ның 6 өңірі «қызыл аймақта» тұр. Атап айтсақ, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыс­­­тары және Нұр-Сұлтан қала­сы. «Сары аймақта» — Батыс Қа­зақ­стан, Алматы және Қарағанды об­лыс­тары. Республика бойынша ви­­рустың репродуктивтік көрсеткіші 1,1-ді құрайды. Инфекциялық төсек орын­­дар­дың жүктемесі 32 пайыз бол­са, реа­нимациялық төсек орын­дар 23 пайызға жеткен.


“QazCovid-in” отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде (алдын ала тиімділігі – 96%). «Спутник V» вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. GMP стандарты бар вакциналар шығаратын биофармзауыт салынып жатыр. Асқар Мамин қазіргі таңдағы ең маңызды міндет халықты жаппай вакциналауды ұйымдастыру еке­нін қаперге салды.
Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдік­тер­мен бірлесіп, 1 ақпаннан бас­тап медициналық ұйымдардың ха­лықты «Спутник V-мен» жап­пай вак­циналауды бастауға дайын болуын қамтамасыз етуді тап­сырды.


Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда алдын ала шектеу шараларының жоспарын әзірлеуді, халық пен бизнес субъектілерінің белгіленген санитариялық нормаларды қатаң сақтауын қамтамасыз етуді, бір апта мерзімде инфекциялық ста­ционарлар мен алғашқы ме­ди­циналық-санитариялық кө­мек ұйым­­дарында жеке қор­ғаныш құ­рал­­дары мен корона­вирусқа қар­сы дәрі-дәрмек қорларына тек­серіс жүргізуді тапсырды. Ал Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мониторингтік топ­тардың жұмысын күшейту, Ақпа­рат ми­нистрлігімен бірлесіп тү­сін­діру жұ­мыстарын күшейту тап­сы­рылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: