Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:39

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші 3 адамды қағып кетті

03.08.2023

300

0

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адам өліміне әкеліп соққан жол апатына түсті. Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қайғылы оқиға 2 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында болған. Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.

Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: