Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 наурыз, 09:48

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ-ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ!

03.05.2023

377

0

Тарихта таңбаланып қалған Ұлы Жеңістің аяқталғанына 78 жыл толып отыр.
Бүгінгі ұрпақ оның мәнін жете түсінеді. Өйткені, бізге дәл қазіргі тыныштық пен бейбіт өмір ержүрек ата бабаларымыздың қанымен келгенін ешқашан естен шығармайды. Аталарымыз майданға аттанғанда, олардың құрыш білегімен атқарылған шаруа тылда қалған аналар мен бозбалалардың иықтарына түскені белгілі. Яғни майдан мен тылдың біртұтас қимыл әрекеті Ұлы Жеңісті әкелді.
Ауылымыздағы тыл ардагерлерінің қатары жылдан – жылға сиреп келе жатыр. Қастерлі мереке қарсаңында «AMАNAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Таң округі бастауыш партиясы мүшелері, сұрапыл соғыс жылдарында бел жазбай күні – түні еңбек етіп, қиямет – қайым қиын жылдарды жеңе білген тыл қаһармандарыны, 87- ге келген әкемізге ауылымыздың ең үлкен тұрғыны Болат Жәнібековке сәлемдесіп, мейраммен құттықтады.Партияның тарапынан үнемі сый -құрмет көрсетілетінін алға тартқан ардагер құттықтауға келгендерге шынайы көңілін білдіріп, ақ батасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: