Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Аққыр ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстары басталған көшелердің жай-күйімен танысып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
«Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыс әкімінің қолдауымен елді-мекендерде маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, бірлігі жарасқан киелі Аққыр өңірінде де біршама ішкі жолдарға күрделі жөндеу құрылысы басталды. Ауылда осы секілді маңызды жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды көздеп отырмыз», – деді аудан әкімі А.Ибраимов.
Айта кетейік, Аққыр елді мекеніндегі 5 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Ауылдың тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы, елді мекенді аяқсумен қамтамасыз ету, су көздерін аршу, көркейту-көгалдандыру секілді жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!