Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Бейсенбі, 28 қараша, 08:50

Ардақ Зебешев: Құс фабрикасындағы жұмысшыларға жаңа жұмыс тауып беру мәселесі қарастырылады

28.02.2024

519

0

Бүгін, 28 ақпанда таңертең Сырдария ауданы, Бесарық ауылындағы құс фабрикасында өрт шыққан еді. Тілсіз жау бір сағат ішінде ауыздықталды. Адамдар аман, ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда, 4 мың бөдене өртеніп кетті. Оқиға орнына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев барды. Жағдайды өз көзімен көрді. Фабрика иесімен Мұрат Сарсенбаевпен кездесті.  Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлады. 

Ардақ Зебешев кәсіпкерге тиісті қолдау көрсетілетінін және фабрика жұмысшыларын жаңа жұмыс тауып беру мәселесі қарастырылатынын айтты.

– Құс фабрикасындағы өрт бізді қатты алаңдатты. Мұнда қаншама еңбек, қаржы жұмсалды. Өте өкінішті жағдай. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ. Дегенмен, материалдық шығындар бар. Бұл мәселе аймақ басшысының бақылауында. Кәсіпорынға тиісті қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті өрттің неден болғанын анықтайды, -деді Ардақ Темірханұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: