Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жексенбі, 24 қараша, 07:51

Астанада бір үйге тіркеуге болатын адамдар санына шектеу енгізілмек

12.09.2024

570

0

Астанада бір тұрғын үйге тіркеуге болатын адамдар санын шектеу ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заң жобасы таныстырылып, оған сәйкес бір тұрғын үйге тіркелетін азаматтардың санын шектеу ұсынылды.

“Қазір халық ірі қалаларда тұруға ұмтылады, бұл «резеңке пәтерлер» деп аталатын мәселенің туындауына әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, баспана иелері тұрғылықты жері жоқ азаматтарды белгілі бір ақыға өз үйіне тіркеу арқылы көші-қон заңнамасын жиі бұзады. Мәселен, Астанадағы пәтерлердің біріне 800-ден астам адам тіркелгені анықталды», – деді ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.

Заң жобасында министрлік мына өзгерісті енгізуді ұсынады:

Астанада тұрғылықты жері және уақытша болатын жері бойынша тіркеу стандарттарын бекіту бойынша мәслихаттың құзыретін кеңейту;
Астанадағы баспаларға белгіленген нормалардан тыс азаматтарды тіркеуге тыйым салу.

Бауыржан Омарбеков мәслихаттың бір үйге тіркеуге болатын азаматтардың шектік санын қалай анықтайтынын түсіндірді. Сондай-ақ вице-министр тұрғын үй иесі жұбайы мен жақын туыстарын тіркеген кезде тіркеу стандарттары қолданылмайтынын атап өтті.

«Қазір тұрғын үй құрылысында бір адамға 15-18 шаршы метр болатын норма бар. Мәслихат осы нормаға сүйенуі немесе басқа да тармақтарды қарастыруы мүмкін. Қалалық мәслихат әкімдікпен бірлесіп, бір адамға қанша шаршыдан келетінін анықтайды. Бұл жерде ең бастысы, аталмыш ережелер үй иесінің туыстары мен оның қамқорлығындағы адамдарға қолданылмайды», – деді вице-министр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: